3 мамыр күні №3 мектеп-гимназиясының 5в, 7б және 7 д сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Тютюн Иван Фёдоровичті құттықтады.

Халқымыздың мақтанышы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына биыл 130 жыл толуына орай «Самбо» күресінен оқушылар арасында турнир өткізілді. Жарыс №73 мектеп-лицей ұжымының ұйымдастыруымен 50-55 кг салмақ дәрежесінде; 60-65 кг салмақ дәрежесінде; 70-75 кг салмақ дәрежесінде; 80-85 кг салмақ дәрежесінде; 85 тен жоғары дәрежеде өтті. Жарыс нәтижесі бойынша І-орынға 10«Ә» сынып оқушысы Насихат Жанболат 75 кг салмақта, І-орынға 7«Г» сынып оқушысы Асемхан Сұлтан 55 кг салмақта, 9«Г» сынып оқушысы Баяхмет Болат 55 кг салмақта, 9«Б»сынып оқушысы Сарсенбай Азат 60 кг салмақта ІІІ- орынға, 10«Б» сынып оқушысы Утепбергенов Алмаз 70кг салмақта ІІ-орынға, 11«А» сынып оқушысы Бадық Қажым 85 кг салмақта ІІ-орынға жеңіске жетіп жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Мақтау қағаздармен және медальдармен мараптталды. «Самбо» күресіне дайындап апарушы жауапты дене шынықтыру мұғалімдері: Төлегенов Мадияр және Омаров Абылай.

Жалпа команда бойынша №53 мектеп-лицей командасы І орынға ие болды.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ардагерге кәдесый» атты VII қалалық қолөнер байқау-акциясында №59 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Данагулова Ақерке ІІІ орынға ие болды.

Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне арналған жоспар бойынша бастауыш сынып оқушылары «Мен, сен, ол, олар- ынтымақты отбасы» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігінің өткізілу мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыру және инновациалық жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп – гимназиясында 1 – мамыр халықаралық ынтымақ күніне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты іс- шара өткізілді.
Бұл іс - шараның мақсаты оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейте отырып, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Мектебіміздің тәлімгері Жақсылықова Дариға Сайлаубайқызы

3 – 4 мамыр күндері Қостанай қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ХІ республикалық педагогикалық олимпиадасының ІІ орын жүлдегері атанды. Жас маманға алда жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілейміз!

Бүгін 2016 жылы 4 мамырда №17 мектеп-гимназияда «Жауынгерлік даңқ» мұражайында ҰОС ардагерлеріне арналған құттықтау жүргізілді.

1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан – достық мекені» атты 5-8 сыныптар арасында фестиваль өтті. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелген.

Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр сынып оқушыларының қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп – гимназиясында акт залында 30 сәуір күні әр сынып таңдаған ұлт өкілдерін бағдарлама бойынша ұлтты таныстыру мен қатар мәдениеті, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдарын таныстырды. Сол ұлттық киімдерімен шығармашылық ән-билерін нақышына келтіріп, орындай білді.

5 А,Ә-қазақ ұлты, 5 Б-жапон ұлты, 5 В-шығыс халықтары, 6 А-корея ұлты, 6Ә-орыс ұлты, 6 Б-Америка ұлттары, 6 Г-грек ұлты, 7А-үнді ұлты, 7 Ә-қазақ ұлты, 7 Б-украин ұлты, 7В-испан ұлты, 8 Б-кавказ ұлты, 8В –үнді ұлты, 8 Г-австрия ұлттары жайлы толық мағлұматтар берді.

5 Б сынып жапон ұлты

Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос болып ағып,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

6 А-корей ұлты

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен бірі туысқан,

Қол ұстасып ел жатыр

Грек, испан, үнді.

Терезесі тең жатыр.

6Г-грек ұлты, 6Ә-орыс ұлты, 6 В сынып, 7 А қазақ ұлты, 7 В сынып украин ұлты, 7 Ә үнді ұлты, 8 Б сынып - кавказ ұлт өкілдері, 8 Г Австрия ұлт өкілдері

Қазақ осы-айтатұғын елге сыр, о ағайын,Халық емес ол кесір.

Қазақ осы –аңғал-саңғал жабусыз, қазақ осы-ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы-дала дейтін, күн дейтін, қазақ осы-өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы-қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба жатырқауды білмейтін!

Қазақта «Отаны бірдің –тілегі бір,жүрегі бір»деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп,д үние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз!

Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!

5 А, Ә сынып «Жаса Қазақстан» әні хормен орындалды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық аясында өткен «Қазақстан достық мекені» атты 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивальде барлық сыныптар грамоталармен марапатталды.

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай «Сапта жүру және ән айту» байқауы өтті.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде жыл сайын дəстурге айналып келе жатқан " Сап түзеп жүріп əн салу" сайысы бугінгі күні өз жалғасын табуда. 5-7 сынып аралығында және 8-10 сыныптар аралығында екі бөлім бойынша өткізілді. Алғашқы əскери дайындық мұғалімі Хасенов Темірбек оқушылардың сап түзеуін жақсы бағалады. Оқушылар берілген ережеге сай әскери киім үлгісінде және әскери саппен жүре отырып әскери әнді де өз дәрежесінде орындап шықты. Қорытынды бөлімде I орын 5 "А", 10 "А" сынып оқушылары, II орын 6 "Ә", 9 "Ә" сыныптары, III орын 6 "А" және 6 "В" , 8 "А" сынып оқушыларының қанжығасына байланды. Белсенді қатысып , жақсы өнер көрсеткені үшін деген номинация 7 "Ә" сыныбына бұйырды. Қатысқан барлық сынып оқушыларына рахмет!!!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны