9-мамыр Жеңіс күніне орай Астана қалалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Біздің есімізде .... Ерлік ұмытылмайды...!» - атты поэзиялық шығармаларды жатқа айту байқауы өтті.

3-4 мамыр күні Қостанай қаласында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты ХІ республикалық педагогикалық олимпиадасының ІІ орын жүлдегері Қуандықов Серғазы Шамшидинұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!! №48 мектеп-лицей табалдырығынан аттап, ұстаз болғаныңа 7 ай толғанына қарамастан, өзіңнің үлкен жауапкершілігің мен мойныңа артқан үлкен сынды асқан шыдамдылықпен көтере білдің!!! Сенің терең ой мен асқақ идеяларың әрқашан сені биік шыңдарға жетелей берсін.

Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарының арасында 9-мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған «Ардагерлерге қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілері ардагерлердің үйлеріне барып, қал-жағдайын біліп, әңгімелесіп, сыйлықтарын апарып берді. Игі іс барысында ардагерлер өздеріне қамқорлық танытқан жандарға ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.

№3 мектеп-гимназиясының 5-7 сынып оқушылары қалалық ертегілерді француз тілінде сахналау байқауында әртістік шеберліктері үшін мадақтамаға ие болды.
№3 мектеп-гимназиясының 5 в, 7 д және 7 б сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Сердюков Василий Антоновичті Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

Астана қаласы « Назарбаев» зияткерлік мектебінде өткен VI қалалық олимпиада да «Геометриялық шеберханадан» жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грамотамен марапатталды.

Қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауының ІІ-орын иегерлері

9 Г сынып оқушылары Тақтанов Бекзат пен Тасболатов Темірланды Құттықтаймыз!!!

Аудандық Абай оқулары байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша мектебіміздің 4Г сынып оқушысы Байбуринов Бекарыс «Бас жүлде» иеленді.

«Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш атасын танымас» шарттары да өз мақсатына жетті. Оқушылардың ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салу әділ қазылар алқасына оңай болған жоқ. Оқушылар мың құбылтып ән салды, күмбірлете күй тартты. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей кір тасын да көтеріп көрермендердің көз айымына айналды.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда талантты, қабілетті,өнерлі оқушыларды көру әр білім ошағының басты мақсаты. Елжандылыққа баулу, патриот тәрбиелеу мақсатында 5-7 сыныптар арасында өткізілген сайыс өз дәрежесінде болды.
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ата-баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге баулу, Атамекенге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында мектебімізде жыл сайын «Жігіт сұлтаны» сайысын өткізу дәстүрге айналған. 1-4 сыныптар арасында өткен сайыс өз мақсатына жетті. Оқушылар байқау шарттарын орындап, өздерін жан-жақты көрсетуге тырысты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны