Меню KDT

Новости

Главная Новости

10.09.2016

Отбасы - бақыт мекені

Отбасы - бақыт мекені... Балдырған балалық шақтың тәтті қызықтарын бөлісетін орта - отбасы емес пе? Бақытты сәттерін фотоаппараттың көмегімен естелікке қалдырған бастауыш сынып оқушылары да апталығымызға өз үлестерін қосты. Сынып жетекшілердің, ата-аналардың қолдауымен шуақты сенбі күнінде отбасылық фотосуреттердің тамаша көрмесі өтті.

10.09.2016

Отбасы - бақыт мекені

"Отбасы - бақыт мекені" апталығы аясында 10.09.2016 жылы 4-сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында отбасылық эстафета өтті. №71 мектеп-лицейінде өтіп жатқан апталық барысында ұйымдастырылған бұл шара қатысушы отбасылардың спорттық белсенділігін тағы бір мәрте айқындады. Апталықтың жабылуында жүлделі орын алған отбасылық командалар алғыс хаттармен марапатталатын болады.

10.09.2016

Отбасы - бақыт мекен

"Отбасы - бақыт мекені" апталығы жалғасуда. 10.09.2016 жылы мектеп психологының ұйымдастыруымен 1-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты - бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында ата-аналар тарапынан жіберілетін кейбір қателіктерді анықтау, олардың алдын алу. Шара барысында ата-аналарға көптеген пайдалы кеңестер берілді.

10.09.2016

Отбасы - бақыт мекені

2016 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбы аясында апталық өтуде. Апталық жоспарымыздың кезекті шарасы 9 қыркүйек күні №71 мектеп-лицейінің "Сөзмерген" инттеллектуалды-пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен "Бұл Палата ата-ананың қарызын өтеу сенің парызың деп есептейді" тақырыбы бойынша мектепішілік дебат ойындары өткізілді. Айта кетейік, "Сөзмерген" пікірсайыс клубы 2015 жылдың қараша айында мектеп директорының қолдауымен ашылған болатын. Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Айтулы жетістіктеріміз де жоқ емес. Біздің оқушыларымыздың алар асулары әлі алда!

10.09.2016

«Менің отбасымның дәстүрлері»

Барлық сыныптарда «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

10.09.2016

«Kazakhstan Kids Forum 2016»

7-а сынып оқушылары Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Haileyber Astana мектебінде өткізілетін « Kazakhstan Kids Forum 2016» қазақстандық балалар мен жасөспірімдер форумына қатысты.

10.09.2016

«Өз балаңа үлгі бол»

1-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ретінде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

10.09.2016

Өз балаға үлгі бол!

10 қыркүйекте №17 мектеп-гимназиясында Республикалық ата-аналар конференция аясында, ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы «Өз балаңа үлгі бол». Бірінші сыныптың ата аналарына психологиялық-педагологиялықтың көмек көрсету.

10.09.2016

XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналардың "Өз балаңа үлгі бол"

10 қыркүйек 2016 жылы, 21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналардың «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы республикалық конференциясы өтті. Бірінші сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық көмек туралы ақпараттар берілді. Ата-аналарға  Жаңа мектептің табалдырығын аттаған балалардың қандай қиындықтармен кездесетіндігі туралы ақпарат, одан кейін үш «Б» заңымен таныстырылды. Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту үшін, ата-аналар жіберуі мүмкін төрт маңызды қателіктермен таныстырылды. 1-сынып оқушысының бейімделу процесі сәтті өткенін қалай түсінуге болады; баланы мектепте оқытуға бейімдеу; баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал ету жолдары мен жағымды уәждеме - ойынын құрудың тиімді тәсілдері туралы ақпараттар берілді. Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығы мен мектептерде пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы туралы мағлұмат арнайы дайындалған видеоролик арқылы берілді. Ең соңында Отанымыз жайлы Төлеген Ғабдрахманның орындауындағы «Менің Қазақстаным» атты ән видеоролигі қойылды. Кездесу Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бас директоры София Львова Эвдокимовнаның тілек сөзі ұсынылды. Осы видеороликтен кейін мектеп психологі қатысушыларға ескертпелерді таратуды ұсынды. Өз сөзін сіздер туралы әрбір адам «Қандай керемет отбасы» деп айтқанын қалаймын, сіздерге және 1-сынып оқушыларына сәттілік тілеймін деді. Осымен бүгінгі конференция мәресіне жетті.  Конференция соңында ата-аналар өздерінің лебіздерін білдірді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны