Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясы

«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған

іс - шараға анықтама

Аталған мектепте «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған іс – шараға жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сәйкес 1 – 4 сыныптарда «Ынтымақты отбасы» атты тәрбие сағаттары өтті, тәрбие сағатының басты мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту болды.

Қазақстан Республикасында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында мектеп, ата – ана, оқушы үштік одағын нығайту мақсатында № 73 мектеп – лицейінде төмендегідей іс – шаралар өтті.

Заман талабына сай білімді, сауатты, интелектуалды ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұстаздарының негізгі міндеттерінің бірі. Мектебімізде мектептен тыс қосымша дамыту орталықтарының ашылуы бірден бір кепілі. Ата – аналарға бағыт беру және толық ақпарат ала отырып, балаларын қосымша курстарға жаздыруға мүмкіншілік жасалынып, ауқымды түрде «Ашық есік» күні өткізілді.

2016 жылдың 17 қыркүйегінде қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сырбай Мәуленовтың туғанына 94 жыл толды. Осыған орай Астана қаласының № 37 орта мектебінде жазушының шығармашылығына арналған апталық өтті, себебі мектепке Сырбай Мәуленовтың аты берілген. Алматы қаласында жазушының атымен аталған көше бар, «Сырбай Мәуленов қоры» ашылған.

Сынып жетекшісі Балабекова Айман Темиркеевнаның бастамасымен 4 «Д» сынып оқушылары мектеп кітапханасында «Сырбай ата – мақтанышым» атты сынып сағатын өткізді. Шараны кіріспе сөзімен мектеп кітапханашысы Оразбаева Бағдат Каиржановна ашты. Ол оқушыларды жазушының шығармашылығымен таныстырды. Балалар Сырбай Мәуленовтың өлеңдерін оқыды, оның басқа да әңгімелері мен өлеңдерінен хабардар болды. Жазушы өте сезімтал жан еді, балаларына деген сүйіспеншілігін «У меня – семь детей...» өлеңінде байқауға болады. С.Мәуленовтың шығармаларына майдандық достары, туған жерге деген сүйіспеншілігі, мейірімділік сезімі арқау болған. Ол орыстың ақын-жазушылары Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Есенин, Ломоносовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Сырбай Мәуленов ұлтжанды азамат еді, өз Отанына, оның табиғатына, халқына сезімі ерекше болатын.

Сабақты қорытындылай келе оқушылар С.Мәуленов туралы эссе жазды.

17.09.2016 жыл сағат 12.00-12.45 арлығында мектепте-лицейімізде 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Спортты сүйген отбасы» атты спорттық сайыс болды.

Тілдер мерекесі аясында ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Мәңгілік елдің көптілді жастары» тақырыбында «Полиглот» ойынын өткізді. Мектептің салтанат залында өткен шараға жас мамандар қатысты.

Жақында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өтті.

2016 жылдың 16 қыркүйек күні №3 мектеп гимназиясының акт залында 9 сынып оқушыларының жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры орынбасары Г.К.Ускембаева ата-аналарды мемлекеттік емтихан ережелерімен таныстырды, ата-аналарға колледждер туралы ақпарат таратылды және қойылған сұрақтарға жауап берілді.
17 қыркүйек №6 гимназияда Тілдер фестиваліне орай 8 сыныптар арасында қазақ және ағылшын тілдерінде «Бәйге» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

"Біз Қазақстанның болашағымыз!" атты Денсаулық күніне орай іс-шара өтті

№80 мектеп-гимназиясында 2016 жылдың 13-16 қыркүйекте аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» іс-шарасы өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны