26.11.16ж №3 мектеп-гимназиясының акт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл мықты мәдениет» акциясы барысында қалалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына қалалық 4,15,36,80,22,59,3 мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар «Балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында оқу жобаларын таныстырды. Әділқазылар алқасы құрамында «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы» директорының орынбасары Искакова Г. Г., «Жас Отан» жастар қанаты төрағасы Кожахметов Ч.Ч., Астана қаласының ІІД ЕКБ жедел уәкілі полиция капитаны Нургазина А.К. болды. 11в сынып оқушысы Омуртаева Аида мен жетекшісі Л.А.Вишневскаяны Бас жүлдеге ие болуларымен құттықтаймыз. Бірінші орын 9д сынып оқушысы Айткожин Аксултан, жетекшісі Р.М.Мухамеджанова.үшінші орын 8г сынып оқушысы Кузовков Даниил, жетекшісі Д.А.Жумбаев. Алтьтаева А. қатысқаны үшін мадақтамасымен марапатталды, жетекшісі Р.М.Мухамеджанова.

№53 мектеп-лицейінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тәрбиелік іс-шара аясында «Әкем, анам және мен» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Бұл іс-шараға 5-сынып отбасылары қатысты. Іс-шараны өткізу үшін 5-сынып жетекшілері белсенділік танытты. Жауапты сынып жетекшілер Есенжолова Қ., Медеубаева Ш.Т. Бұл іс-шараның басты мақсаты: Отбасындағы тәрбие мен отбасындағы қарым-қатынас, қамқорлық пен сүйіспеншілікті нығайту. Жанұядағы қадір-қасиеттердің маңыздылығын дәріптеу. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі мінезді үйренеді. Салауатты өмір сүрудің күрделі мәселесі-жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Баланың болашағы үшін отбасы, қоғам және мектеп, достарының ықпалы зор. «Әкем, анам және мен» тақырыбындағы спорттық жарысқа қатысқан 5«Е», 5«Ж», 5«Г», 5«Б», 5«В» сыныптары. 5«Г» сыныбы І орын, 5«Б» ІІ орын, 5«Е» ІІІ орын иеленді. 5«Ж» - «Белсенді отбасы», 5«В» - «Тату отбасы» номинациясымен марапатталды.

Астана қаласы №48 мектеп-лицейде Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында 1-11 сынып оқушыларымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Онда жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін, сонымен қатар елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбеті туралы айтылды. Елбасы туралы деректі фильмдер көрсетілді. Балалар Елбасына өз тілектерін арнады.

29 қараша күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мен тұрғым келетін қала" КТК - фестиваль байқауында I орынды біздің мектептің оқушылары иеленді. Құттықтаймыз!!!

«№19 орта мектеп» ММ әкімшілігі барлық Қазақстандықтарды Тұнғыш Президент күнімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға бейбітшілік, мейрімділік және жақсылық тілейміз!

29.11.2016 ж. күні Астана қаласында өткен «Жарқын өмір сүр» атты театрландырылған қойылымдар байқауында №64 мектеп-лицей оқушылары ГРАН ПРИ жүлдесін иеленді.

26 қараша күні сағат 10:00-де №74 гимназия мектебінде мектепішілік бастауыш сынып оқушылар арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім-мәңгі жасай бер!»атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.

29.11.16 ҚР Тұңғыш президенті күні мектеп-лицейінде «Ақ найза» әскери-спорттық клубының тұсауы кесіліп, клуб мүшелері салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

2016-2017 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптарға енгізілді.

Қазақ тілді емес мектептерінің 4-6 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен
ҚР-ның Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы күні және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында әскерге шақырушылармен әскери-патриоттық клубтардың ашылуына арналған
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны