<p>Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушылар салтанатты түрде қабылданды</p>
30.11.16 жылы №3 мектеп-гимназиясының акт залында ең үздік 5-сынып оқушыларын Республикалық қоғамдық бірлестігі "Жас Ұлан" Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Бұл іс-шара Тұңғыш Президент Күні және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында өткізілді.
30.11.16ж №3 мектеп-гимназиясының акт залында Ұлан басы Тоқан Таирды ұлықтау рәсімі өткізілді.
29.11.16ж №3 мектеп-гимназяиысының акт залында Тұңғыш Президент Күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған 6 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізді білуіне байқау өткізілді. Бірінші орын 6а сынып Екінші орын 6ә сынып Үшінші орын 6в сынып
29.11.16ж №3 мектеп-гимназиясының акт залында 8-11 сынып оқушылары арасында «Сүйемін сен, Қазақстаным менің» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау Тұңғыш Президент Күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап өткізілді. 8-11 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауында Бірінші орынды 9ә және 10а сыныптар Екінші орынды 8а, 8б, 10в және 11а сыныптар Үшінші орынды 8в, 11б және 9д сыныптар Құттықтаймыз!
3а сынып оқушысы Қадырбек Айнұрды жеңісімен құттықтаймыз! Айнұр балалар ашық турнирінен өткен «Айсұлу» көркем гимнастикасынан екінші орынға ие болды.
№3 мектеп-гимназиясының 9д сынып оқушысы Ахметова Асельді ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық шығармалар байқауында 3 орынға ие болуымен құттықтаймыз, жетекші Сматаева С.Н.
28.11.16ж №3 мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге арнап 1-7 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан «Президентке тілек» атты көрмесі ұйымдастырылды.
23 қараша күні Тұңғыш Президент Күніне арнап «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығы Астана қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайында «Елордалық білім берудің – Көшбасшы оқушысы» атты байқау өткізді.Қалалық кезеңіне 12 оқушы өтті. №3 мектеп-гимназиясының 10б сынып оқушысы Айгужин Валихан үміткер атанды және білім басқармасының дипломымен марапатталды.
№3 мектеп-гимназиясының 8г сынып оқушысы Калабева Данельді қалалық сұлулық және талант байқауына белсенді қатысқаны үшін дипломына ие болғаны үшін құттықтаймыз!
№3 мектеп-гимназиясының 5б сынып оқушысы Ракутин Александрды жеңісімен құттықтаймыз! М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайындағы би экспрессінде «Галактика» құрамында Саша бірінші орынға ие болды.
28.11.16ж №3 мектеп-гимназиясының акт залында 6 сынып қыздары үшін дәріс өткізілді және жыныстық тәрбие тақырыбында видеоролик көрсетілді. Procter & gamble компаниясы қызметкерлерімен оқушыларға қыз балаларға арналған күнделік және төсемелер сыйға тартылды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны