Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай 12 желтоқсан № 65 мектеп-гимназиясында «Мәңгілік арман –Мәңгілік күрес – Мәңгілік ел» атты мерекелік кездесу кеші өтті.

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының оқытудағы рөлі»

атты қалалық семинары өтті. Мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа әдістерді қолдануда. Тиімді технологиялардың бірі ретінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы болып табылады. Сондықтан, аталмыш семинардың Республикамыздың мерейтойы қарсаңында өткізілуі орынды. Тиімді әдіс-тәсілдерді бірініші сынып оқушылары да қолдануда. Оны өз сабағында бастауыш сынып мұғалімі Исабаева Г.А. дәлелдей түсті. Ал төртінші сынып оқушылары осындай оқыту түріне бейімделген, өйткені олардың мұғалімі Балмуханова К.С. сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін аталмыш сыныппен бірнеше жыл қолданған. Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Жакупова С.А., Талдыбаева Ш.А., Калдарова Т.Д. өз сабақтарында СТО технологиясын қолдана отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жайлы көзғарасын дәлелдей түсті. 3 деңгей мұғалімі Абсаттарова А.Н.-ның «Ақселеу Сейдімбек «Әйел-Ана» тақырыбында өткізген сабағы балалардың көңіліне жылулық ұялата білді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, әрі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ергалиев Х.К. –та әдіс-тәсілдерді танытуда орасан үлес қосты. Ол заман талабы болған көптілділікті меңгеруге баса назар аударды. Қазақ тілі мен дене шынықтыру пәндерін ұштастыруға бола ма? Әрине! Қазақ тілі пәні мұғалімі Муканова Д.М.-мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Торебеков А.И. кіріктірілген сабақ көрсетті. Қазақ тілі пәнінің «Талаптыға нұр жауар» тақырыбы 5-6 сынып оқушыларының өз жетістіктерін көрсетуге септігін тигізді. Биология пәні мұғалімі Ахметова Л.Т. 5 сыныпта жаратылыстану сабағын өткізді. 3 деңгейлі мұғалімнің қалалық семинарларға жиі қатысуы сабақтың сапалы болуына үлес қосты. Семинардың шыңы ретінде қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметова Г.С., тарих пәні мұғалімі Мусатаева М.К. және ән-күй пәні мұғалімі Сабитов Г.М.-ның жетекшілігімен «Тәуелсіздік – ақ таңы ғой азаттықтың» тақырыбында өткізілген әдеби-музыкалық қойылымын жатқызуға болады. Балалардың актерлық шеберлігі, орындаған әндер мен өлендері көрермен қауымның көңіл-күйінің ырғағы болды. Бұл семинардың өткізілуіне біз мақтана алатын, өз шеберлігін таныта білетін, дарынды балалардың қатысуы мұғалім шығармашылығын асқақтата түсті.

Бүгінгі семинардың қонағы болып, Астана қаласы ББ-ның әдіскерлері Куандыкова А.Б., Мендыбаева А.Т. және №16,22,28,32,48,54,60,64,84 мектеп мұғалімдері қатысты.

Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Алибекова Г.З.

Мектебімізде 1-11сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сынып сағаты болып өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы екенін айтып, тарихи деректер арқылы біраз ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсідігінің 25 жылдығының қарсаңында «Мәңгілік жансын бағың – Тәуелсіз Қазақстан!» атты ұранмен 10.12.2016 ж. колледжімізде шығармалар байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Студенттер шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне жазды.

12.12.2016 жылы Астана қаласы №77 мектеп –лицейінде өткен «Азаттық идеясы
№60 Мектеп-лицейінің оқушылары "Бейбітшілік пен Келісімнің 25 жылы" атты этномəдени бірлескен республикалық фестивальне қатысты.
№3 мектеп-гимназиясының 4в сынып оқушысы Гончаров Тимурды спорттық қызметіндегі тағы да бір жетістігімен құттықтаймыз! Тимур қоян-қолтық күресі бойынша өткен қалалық чемпионатынан бірінші орын алды!!! Жарайсың!
Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 75 жылдығы қарсаңында «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және тәуелсіздік» тақырыбында ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті

5.12.2016 ж - 12.12.2016 жылғы уақыт аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің ұжымы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына белсене түрде ат салысты.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны