Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.12.2016

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойы құтты болсын!!!

Сіздерді - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 25 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті

Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны әмбеге аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын  арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке.

Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды. Елбасымыз, дүниежүзілік саяси ауқымдағы тұлғалардың бірі. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық.

Осы егемендігіміздің арқасында Қазақстан халықаралық ареналарда  зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы Еліміз бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу жө­нінде басымдықпен же­ңіс­ке жетті. Бұл Қазақстанның экономика­лық қуатын жаһандық танудың айқын көрінісі екені сөзсіз.

15.12.2016

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойы құтты болсын!!!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай мектебімізде концерттік кеш болып өтті. Барлық мектеп болып осы концерттік кешті ұйымдастырдық.

15.12.2016

«Зерттелмеген Қазақстан» квесті

Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдық қарсаңында Төлеген Айберегенов атындағы № 16 орта мектепте «Зерттелмеген Қазақстан» квест ойыны өтті.

14.12.2016

«Астана – мейірімді қала»

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған «Астана – мейірімді қала» атты жалпықалалық акциясы аясында Астана қаласы маслихатының депутаты Р.Ф.Умербаеваның ұйымдастыруымен «Асыл-бөбек» балабақшасында балаларға арналған анимациялық бағдарламалы мейрам  өткізіліп  мен сыйлықтар берілді.

14.12.2016

«Тәуелсіздік тұғырлы болсын-туған елім» атты ашық тәрбие сағаты

3 «Д» сыныбында К.Қ.Ибраимова «Тәуелсіздік тұғырлы болсын-туған елім» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. «Мына заман қай заман?» бейне жазбасынан бастау алып, сабақты оқушылар «Мәңгілік ел» көрінісі арқылы ұтымды жалғастырды. Әр оқушы шығып өлең оқып, Тәуелсіздік туралы өз ойларын білдірді.

14.12.2016

Тоғызқұмалақ» ойыны халқымыздың асылы

«Тоғызқұмалақ» ойыны халқымыздың асылы» тақырыбында 8 – сыныптар арасында сайыс өткізілді. Қазақстанның Тәуелсіздігіне-25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жаксымбеков Т.Н. мен математика пәнінің мұғалімі Қасымханов Н.М. тоғызқұмалақ сайысының ережелерімен таныстырды. «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне қатысатын оқушылар арасындағы сайыс тартымды өтті.

14.12.2016

Қалалық «Эрудит» байқауында үшінші орынға ие болған №3 мектеп-гимназиясының құрамасын құттықтаймыз

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған қалалық «Эрудит» байқауында үшінші орынға ие болған №3 мектеп-гимназиясының құрамасын құттықтаймыз.

14.12.2016

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген...»

2016  жылдың 14 желтоқсанында Т.Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай

14.12.2016

"Тәуелсіздік-ел тірегім"

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-ел тірегім" атты 59 мектеп-лицейінің 1 және 4 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Келген қонақтардың жақсы бағаларын алып, оқушыларымыз да мәз-мейрам.

14.12.2016

«Жас Ұлан»

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының

14.12.2016

Час Кода- 2016

5.12-11.12ж аралығында информатика сабағында 5«Б» мен 5 «Ж» сыныптарында Scratch бағдарламалау тілінде сабақ өтті.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны