Мектебіміздің 10 «а»сынып оқушысы Мұсатаева Адель «Балапан», «Той-думан» телеарналарында жүргізілген жаңажылдық фильмге түсті. «Жаңажылдық хикая немесе кішкентай құтқарушылар» атты фильм 2-сериядан тұрады. Ақшақарды құтқарушы балалар Астананың әсем көрінісі мен Ханшатыр жанындағы мұз қалашықтың әдемілігін еліміздің кішкентай көрермендеріне тарту етті.Фильмге Индира Расылхан әншінің өнер студиясының қатысушы балалары түсті.Өнерің өрге жүзсін, Адель!
Қаңтардың жиырма бірінші жұлдызы 59 мектеп-лицей үшін маңызды күн болды. Мектептің "Арлан" әкелер кеңесі қалалық "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі мен мектеп директоры бастауымен өз жұмысын жандандырды.
Бүгін №16 Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде 20.01.2017 ж қазақ тілі бағдарламасы бойынша өткізіліп жүрген «Қазақшаң қалай?»
<div style="text-align:justify;"> 20 қаңтар күні мектебімізде тәжірибе алмасу бойынша семинар өткізілді. Семинар қонақтары Максимовка орта мектебінің мұғалімдері болды. Біздің мектеп мұғалімдерімен салыстырғанда семинарға келген мектеп мұғалімдерінің қатарында сертификатталған мұғалімдер жоқ. Келген қонақтарды мектептегі шығармашылық топ мұғалімдерінің жұмысы мен «Lesson study» қызықтырды. Мақтағанымыз емес, алайда мектебіміздің «Инновациялық мектеп» жобасына алғаш қатысып отырған жылы болғанына қарамастан, даму тобы көптеген жұмыстар атқарды. Мектеп мұғалімдерін оқыту үшін семинарлар, коучингтер, шебер-сыныптар өткізілді. Семинар бағдарламасы қонақтардың тілегіне қарай құрастырылды. І деңгей мұғалімі Кожахметова Ж.Ш. мен ІІ деңгей мұғалімі Рябченко Н.Г. коучингтар өткізсе, І деңгей мұғалімі Тукенова Ж.К. «Lesson study» тобы мұғалімдерінің жұмыс технологиясын көрсетті. ІІ деңгей мұғалімі Кущанова шебер-сынып көрсетсе, менти Жакупова С.М. сабақ өткізді. Топтың жұмысын талқылағаннан кейін үздік модераторлардың бірі ІІІ деңгей мұғалімі Каримова А.Н. кері байланыс өткізді.</div> <div style="text-align:justify;"> Максимовка орта мектебінің мұғалімдеріне білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау материалдары ұсынылып, семинар қорытындысы бойынша кері байланыс өткізілді.</div>
Мектебімізде 20.01.2017 күні Қоғамдық қор «Право» өкілдері Даутова М.Б. және Исаева А.Б. семинар-тренинг «Административная ответственность несовершеннолетних лиц» тақырыбында өткізді.
Астана қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде ақын Төлеген Айбергенов атындағы мұражай 16 қаңтардан бастап өз есігін ашты.
19 қаңтар №3 мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушылары Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Мектеп оқушылары Ш.Айтматовтың «Аққудың көз жасы» романы бойынша лирикалық драмасын көрді.
19 января учащиеся 8-11классов школы-гимназии №3 посетили Государственный Академический казахский музыкально драматический театр имени К.Куанышбаева. Школьники посмотрели лирическую драму по роману Ш.Айтматова "Аққудың көз жасы ".
№3 мектеп-гимназиясының 5 сынып окушылары "Пушкин ертегілері" атты әдеби оқуына белсенді түрде қатысты. "А.С.Пушкин ертегілерінің білгірлері" викторинасының 3 орын дипломымен 5г оқушысы Амангелді Асанәлі марапатталды. "А.С.Пушкин ертегілерінің білгірлері"викторинасына белсенді қатысқаны үшін 5е сынып оқушысы Сабина Баталова мадақтама қағазын алды. "А.С.Пушкин ертегілерінің білгірлері" викторинасының 2 орын дипломымен 5е сынып оқушысы Оразғазы Адина марапатталды.
<h4 style="text-align:justify;"> Мектебімізде «қайырымдылық» акциясы өтуде. «Қызыл ай» қоғамы аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан он бес оқушыға көмек жасады. «Қазақстан Теміржолы» АҚ-ның Астана бөлімшесінің атынан аз қамтылған алты отбасының әрқайсысына он мың теңге көлемінде азық-түлікті Ахметжанова Жансая тапсырды.</h4>
Александр Сергеевич Пушкин – орыс халқының ұлы ақыны, орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық,адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолында өткен. Бүгін міне ғұлама ғалымның ортамыздан өткеніне 180 жыл толуына орай сабақтан тыс 10 «Д»сынып оқушыларымен <em>«Ұлы ғалымның естелігіне»</em> атты сабақтан тыс оқырмандар клубының Т.А. Кенесбаевна мен Р.З.Тажбаев ұйымдастырған ашық отырысы өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны