Ақпан айының 3–ші жұлдызы күні 5 сыныптар арасында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру мақсатында «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» атты плакаттар байқауы, бастауыш сыныптармен әңгіме сабақтары өткізілді. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

2017 жылдың 25 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында № 21 орта мектепте 2-4 сыныптар арасында математика мен орыс тілі пәндерінен олимпиада өтті.

Олимпиада тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктері мен тапсырмаларды құрастыру талаптарына сәйкес жасалды; қызықты сұрақтармен қатар проблемалық, танымдық сұрақтар да болды.

Мектебіміздің салтанат залында қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті. Оқушылар ақынға арнап өздері шығарған өлеңдерін жатқа оқып, Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндерді тамылжыта орындап, өз өнерлерін ортаға салды.

Бүгін №81 гимназияда мектепішілік «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;

Бүгін мектебіміздің салтанат залында Сарыарқа ауданы бойынша №9 сайлау округының қалалық мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Султанович кездесу өткізді. Жиынға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры халық қалаулысын көпшілікке таныстырды. Мәслихат депутаты елбасының жолдауында көрсетілген адами капиталға байланысты өз ойын білдірді. Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына да жауап берді.

№3 мектеп-гимназиясының 4б сынып оқушысы Козлова Анжеликаны каратэдан өткен Республикалық жарыстан үшінші орын алуымен құттықтаймыз.

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 1-8 күндері аралығында республикалық «ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты қашықтықтан байқауы өтті. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.

2017 жылдың 07 ақпанында Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына кері әсері тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында мектеп инспекторымен бірге түсіндіру жұмысы жүрді.

№74 мектеп-гимназиясының базасында "Алматы" аудан әкімінің Оңтүстік-шығыс,Сарайшық ықшам аудандарының, Момышұлы, Қошқарбаев даңғылдарының, Қордай Байтұрсынов, Айнакол және тағы басқа көшелерінің тұрғындарымен кездесу.
04.02.2017 №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптарында ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға арналған сынып сағаттары өткізілді.

Колледж кітапханасы 02.02.-13.02.2017ж. аралығында өтіп жатқан онкүндікке қатысты. Онкүндік тақырыбы: «Самопознание: педагогика любви и творчества»,

Ақпан айының 4-ші жұлдызы күні 1-4 сыныптар арасында «Мейірім шуағы» тақырыбында жәрмеңке өтті. Жаны жайсаң,жүрегі жомарт ата-аналар баршылық екеніне көзіміз жетті. Іс-шараны жақсы ұйымдастырып, көңіл-күй сыйлаған 1Е сынып жетекшісі Тулеубаева Айслу Ғалымжанқызы, 1Ж сынып оқушысы Дилдабаева Мадина Бахтиерқызы болды. Жәрмеңке барысында әр сыныптан оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны