«Атадан – мұра» Республикалық байқауында «Көркем сөз» жанры бойынша Бас жүлде алған: 3 «В» сынып оқушысы – Әшірбай Мирас, 3 «В» сынып оқушысы – Серік Ақмырза, 3 «Ә» сынып оқушысы – Большевик Айсана. Сынып жетекшілері: Ахметкалиева Мара Жамбыловна, Сыдықова Жыға Ағыбайқызын оқушыларының биік тұғырдан көрінуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жақында мектебімізде өзін-өзі тану апталығының қорытынды кеші өтті. Оқушылар мәнерлеп өлең оқып, көріністер қойып, күмбірлете күй шертіп, тамылжыта ән салды. Кеш барысында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Сүлеева Сәуле Зейнуллақызы мен Есенбаева Роза Түзелбайқызы апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, атсалысқан мұғалімдерге алғысын білдірді.

6 ақпан №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына «Құқық» Қоғамдық Қорының заңгері А.Б.Исаева «Кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» атты семинар-тренинг өткізді.

«Туризм» бөлімінің оң күндігі аясында «Біз сіздерді туризмнің әлеміне шақырамыз» тақырыбында сабақтан тыс шара өткізілді.

2017 жылдың 6 ақпанында «Туризм» бөлімінің оң күндігі аясында жас оқытушы Пекарская В.Е. «Туристік қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша «Индустрия түсінігі» тақырыбында ашық сабағы өткізді.
2017 жылдың 6 ақпанында колледжде «Туризм» бөлімінің оң күндік апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Мерекелік концерт 1 және 2 курс білім алушылар арасында арнайы пәндер оқытушысы Узбайрова А.Т. жетекшілігімен ұйымдастырылды.

«Әміре Парижде»

Әміре – қазақтың қалай мақтаса да, қалай мақтанса да, Жүрегіне сия беретін асқан өнерпазы. Ертісті жаңғыртып тұрып, Семейді қиын-қыстау кезінде өзінің әсем үнді дауысымен жұбатқан Әміре, енді Қашаубайдың баласы емес, ұлттың баласы! Барша дүйім жұрттың баласы!

Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізген, «Әміре Парижде» атты кітаптың тұсау кесеріне мәдениет қайраткерлері мен қаламы мұқалмаған ақындарымызбен кітапатың ашылу салтантына тәнті болып, тамашалап қайттық. Осындай игі бастамамен, көңілді тебірентер керемет кешке себепкер болған Жарқын Жақияұлы Шәкәрімнің жазған кітабы баға жетпес қазына деуге болады!

Менің мақтан тұтар шәкіртім!

Оның тіл байлығы мен ақылдылығына қарап, болашақта үлкен дүние жасап шығарына баршамыз сендік. IQ интеллектуалдық білім порталы ұйымдастырған республикалық конкурсқа қатысып, II орын алғаны бізді марқайтып тастады.

Осының алдында Евразия ұлттық университетінде өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты студенттер арасында ұйымдастырылған шығармалар конкурсында топты жарып, бас жүлдені жеңіп алуы біздің мектеп пен барлық мұғалімдер үшін зор мақтаныш болмақ!

Дариға! Мектептің ұжымы атынан саған болашақта үлкен шығармашылық табыс пен сәттілік серігің болуына тілектеспіз!

«Өзін-өзі тану» жобасының авторы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызының туылған күніне орай 1-4 сыныптар арасында өткен кеш өз мақсатына жетті. Кеш ұйымдастырушылардың рухты, өрелі сөздерімен басталды. Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы оқушыларға жүрегінің жырын арнады. Өмірдің қызығы - жүрекпен ақылдасып жасаған ісінің мәнділігінде деген сөзі оқушыларға ғана емес, ұстаздар қауымына да зор әсер етті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны