Ұзынағаш ауданында жылдағы дәстүр бойынша өткізілген республикалық ақындар айтысында Елорданың намысын қорғай барған мектебіміздің 8-сынып оқушысы Төлепберген Диас жүлделі 1-орынды иеленді.
1 наурыз 2017 жылы Еуразия Ұлттық университетінде Халықаралық Қысқы мектебі аясында Қазақстан, Ресей жетекші мамандардың шебер сабағы өткізілді.
Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып арасындағы «Ғасырдан ғасырға» қалалық интелектуалдық конкурсы 01.03.2017 жылы №76 мектеп - лицейінде өткізілді.
3 ақпан күні 2017 жылдың 2 «Ғ» сыныбында Өзін – өзі тану пәнінен ашық сабақ өтті.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Т.М.Әбдікәрімнің 75 жасқа толуына орай «Ана тілі: оқыту, зерттеу мәселелері» тақырыбында өткізіліп жатқан халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында 28 ақпан күні «Жаңаша оқыту философиясы» тақырыбында №48 мектеп-лицейі мұғалімдері А.Момынқұлова мен Л.Ильясова білім ордасының студенттері мен ұстаздарына «Шебер-класс» сабағын өткізді. «Сыни ойлау» жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері А.Момынқұлова өткізген сабағы қатысушылардың көңілінен шықты. Сабақ жүргізудің жаңаша әдіс-тәсілдері студенттердің үздіксіз әрекет етуіне ықпал етті. ЕҰУ ұстаздары рефлексия сатысында тренингтің жоғары дәрежеде өткені туралы пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.
28.02.17 «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлы дала қазынасы» бағыты бойынша «Ана тілім-дана тіл атты» шығармашылық сайысы өтті. Бұл сайысқа №84 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларынан 10 оқушы мектепішілік сайысқа қатысып, іріктелген оқушылардың шығармалары қалалық сайысқа жолдама алды. Нәтижесінде, 4 «В» сыныбының оқушысы Мулдагалиева Жамиля – 1орынды орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.4 «Г» сынып оқушысы -Темірғалиева Арайлы -2 орынды иеленді Жетекшілері-Туленова Шынар Онжновна.

Мектебімізде 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында ағылшын тілі апталығы болып өтті. Ақпанның 28 күні 10 және 11сынып оқушылары Еуразия ұлттық университетінің магистранты, агылшын тілінде бірнеше кітаптардың авторы, филолог ағылшын азаматының өкілі Баеза Хумберто Хосе Эстрадомен кездесті.
27.02-04.03 күндері арасында ағылшын тілі пәні апталығы болып өтті. Апталықтың тақырыбы «More languages, more opportunities»деп аталды. 28.02.2017 ж күні 3-4 сыныптар арасында «Trip to wonderland»ертегілер сайысы өтті.

Бүгін С. Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Инновациялық технологиялар - оқушылардың білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында өткізілген мектепішілік әдістемелік айлығының қорытындысы бойынша жиналыс өткізілді. Айлық 4 әдістемелік апталықтан тұрды: 1-ші білім мазмұнын жаңарту бойынша, 2-ші- сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша, 3-ші- БжС технологиясы бойынша, 4-ші- денсаулық сақтайтын технологиялар бойынша. Мектеп мұғалімдері өздерінің жаңаша әдіс-тәсілдерін қызықты сабақтары арқылы көрсетуге мүмкіндік алып, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін таныта білді. Әдістемелік айлық барысында тек қана сабақтар өткізіліп қоймай, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналармен өткізілген дөңгелек үстелдер де көрсетілді. 129 мұғалімнің ішінде әдістемелік айлыққа 85 мұғалім қатысты. Бұл қатысушылар құрамында тек тәжірибелі ұстаздар ғана емес, жас мамандар да өз сабақтарын өткізді. Мектеп бір ай бойы инновациялық технологияларды меңгеруде «белсенді режимде» жұмыс жасады. Мұғалімдер тәжірибе алмасуда және өз кәсіби шеберлігін арттыруда үлкен көмек ала алды.

Бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нурхан Саветовна апталықтың жоспарымен таныстырды. Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту мақсатында өтетін апталық тақырыбы «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» деп аталады. Салтанатты жиын екі ауысымда да өтті. 1-ауысымның ашылу салтанатында директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары Ибраимова Қамажай Ибраймовна құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тілесе, 2-ауысымда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы құттықтау сөз сөйлеп, республикалық «Көркем сөз» сайысының жүлдегерлері Әшірбай Мирас, Серік Ақмырза, Большевик Айсана, Саяхат Алхар сынды оқушыларды құттықтады. Сондай-ақ жұлдызды оқушылардың сынып жетекшілері Ахметкалиева М.Ж. мен Сыдықова Ж.А.-на алғыс білдірді.

Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны