Мектебімізде 5-9-сынып оқушылары арасында «Біз өмірді таңдаймыз!» атты үгітбригада сайысы өткізілді. Оқушылардың салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарасын қалыптастыру мақсатында болды. Сайысқа қатысушы оқушылар би, ән, көрініс арқылы жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, өз өнерлерін, танымдарын ортаға салды. Сайыс өте қызықты да әсерлі болып өтті.

06.03.2017 акт залда оқушылар және ер мұғалімдер күшімен әйел ұжымына арналған «Ана жүрегі» деп аталатын мерекелік концерт өткізілді. Мектеп директоры Шеверняева Е.В. мереке қарсаңында ең үздік мұғалімдерге мадақтамалар мен алғыс хаттар табыс етті.
5-11 сынып оқушылары әйелдер мерекесіне арналған плакаттар шығарды, олар 3 қабаттағы қабырғаларда ілінді.
07.03.2017 жылы эстетикалық бағыттағы пәндер онкүндігі барысында мектебіміздің бірінші қабатында әсем әуенмен қыздар өздерінің технология сабағында және әжелері мен аналарының көмегімен жасалған жұмыстарын көрме-жәрмеңкесінде ұсынды.
Конкурстың мақсаты: махаббат пен табиғат сезім тәрбиелеу, қоршаған әлемнің сұлулығын бағалай білу, тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату мәселесіне назар аударту үшін. Барлық сыныптар бұл сайысқа жауапкершілікпен, жақсы идеялармен көзге түсті.
Оқушыларды жан – жақтылыққа, ақыл–ой мен зияткерлікке тәрбиелеу мақсатында 4-сыныптар арасында Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы, Мырышпаева Асем Асенгазыевна ұйымдастырылуымен «Білгірлер» сайысы өтті. Сайысқа «Тапқырлар» тобы, «Алғырлар» тобы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

«Баласы кітап оқыған ел» бақытты деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағылымды сөзі бар. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, рухани байлыққа тәрбиелеу мақсатында Ахметкалиева Мара Жамбылқызы, Шаленова Алия Айткенқызы 3-сыныптар арасында «Поэзия» жәрмеңкесін өткізді. Поэзия – әдебиеттің өлең түріндегі үлгісі екенін оқушылар жақсы біледі. Әр сыныптың талапты, талантты балалар қатысқан жәрмеңкеде оқушылар өз шеберліктері мен ізденістерін көрсетті.

8 наурыз мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары мектеп ұстаздарына мерекелік концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар бір қатар мектеп ұстаздары мереке қарсаңында Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.Марапатқа ие болған ұстаздарымызды құттықтаймыз!

Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген сый - құрметтерін арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

8 наурыз мерекесі қарсаңызда кітапхана ұйымдастырған 5 наруыз күні 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», сынып оқушыларының қатысуымен ананы дәріптеуге, құрметтеуге арналған «Ана-гүл, ана-жыр,ана-өмір шуағы» тақырыбында ойын –сайысы болып өтті. Көрермен ретінде мұғалімдер мен сынып жетіншілер мен оқушылары қатысты.Оқушылар барлық бес бөлімнің шартын орындады. Әділ қазылар алқасы: Бірмағанбетова Ә, Бибазарова Р, Ақсамбиева Ә.

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Зерде аруы -2017»қыз сыны сайысы

07.03.17 күні 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерекеңмен, сүйікті анашым!» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Концертке барлық сыныптардың ата-аналары, сондай-ақ білім саласында көп жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар шақырылды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны