«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбымен өткен апталықтың жабылу салтанаты болды. Апта бойы барлық сынып мұғалімдері белсенділік танытты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өтті. 1-сынып мұғалімдері «Менің сүйікті кейіпкерім», 2-сыныптар «Сиқырлы саусақ», 3-сыныптар «Ертегілер елінде», 4-сыныптар «EXPO-2017» бұрышы безендірді. Апта бойы әр сыныптың білімдері, жеткен жетістігі, мұғалімдердің сабақ барысында жаңаша оқытуы, жаңа технологияларды тиімді пайдалануы байқалды. Жабылу салтанатын ұйымдастырушы Аубакирова Маржан Қалтайқызы әр сыныптың жетекшілері мен оқушыларын марапаттаса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нұрхан Саветқызы апта бойы жасалған жұмыстарды қорытындылап, ұжым мүшелеріне өз алғысын білдірді.

7 Наурыз күні халықаралық әйелдер және аналар мерекесіне орай №2 Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясында мереке аталып өтті.Ол мерекеде басын 3 «д» оқушылары «Журчит ручей» әнімен бастады.1 «В» сынып оқушылары бимен шашу шашты. «Камертон» тобы «Біз бақытты балдырған», «Детство» әндерін сыйға тарту етті. Шаттық байқауының қола жүлдегерлері домбырашылар Абеновтың «Желдірме» күйін орындады. Қосмағанбет Кәусардың орындауында «Бірлігіміз жарасқан!» атты әнін ұстаздар қауыма сыйлығы ретінде қабылдап ұстаздар бір қуанып қалды. 10 сынып оқушылары ағылшын тілінде салған әндері, скрипка «Вальс», Санжардың скрипкада, Елдананын фортепианадағы әуендері көрермен қауымды өзгеше бір сезімге бөледі. 11 «Ә» сынып оқушысы Бектұрған Батима «Аққу» биімен тамсандырды. 11 «Ә»сынып оқушылары флешмоб және сынып жетекшілеріне яғни, Алма Абдуахитовнаға арналған слайдтар көрсетті. Аналар, апалар, қыздар мейрамы бұлда бір қазақ халқының әдеті іспетес деп айтсам,артық болмас еді.Себебі,қазақ халқы қызды сыйлап төрге отырғызған, қонақ деп сыйлаған,аналарды қастерлеген ананың табанында жұмақ бар деп есептеген,жалпы әйел затын нәзік болғандықтан үйдің берекесі киесі деп өткендіктен,бізде кейінгі ұрпақ мұндай қасиеттерді ата-бабамыздың мұрасы есебінде сақтауымыз керек.

«Ұстаз – ұлы тұлға» атты жас ұстаздардың қатысуымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Барлығы 6 жұп қатысты.
5-11 сыныптар арасында өткізілген мектепішілік «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының іріктеу кезеңінде «Ән»жанры бойынша төмендегі оқушыларды құттықтаймыз! Мұхитқызы Хамида 7 а; Басекеева Аружан және Шахманова Аяжан 5 б; Крикунов Никита 5 д; Калиев Куныскерей 7 б; Пырлик Екатерина 6 б; Санабаева Аружан 8 а; Шегай Алина, Шегай Виктория 10 б, 8 г. Пырлик Екатерина, Мажитовы Жамиля және Камила «Аспаптық жанр» Капенова Жанель 6 а; Казбеков Бексултан 6 а; Ибраев Манас 7 б; Алькенова Аружан 6 ә; Бекжанов Алибек 5 ә; Мухамедрахым Нуркадыр 8б. Байқаудың финалына шығуларымен!!! Құттықтаймыз!!!

Қылышын сүйреткен қыс кетіп, жер-дүние жіпсіп, бусанған уақытта көктем мезгілінің алғашқы жылы лебімен 8 наурыз мерекесі де жылжып келеді. Күллі әйел атаулының ерекше көңіл-күйде болып, жаны бір жадырап қалар шақ.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 8 "В" және 9 "Ә" сынып оқушылары №59 мектеп - лицейінің зейнеткер мұғалімі Омарова Нағима Тұрғынбаевнаны құттықтап келді.

№54 мектеп-лицейінде 8-наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар жөнінде анықтама

Мектебімізде 4-сыныптар арасында «Анашым – ән салайық!» шығармашылық байқауы өтті. Сайысқа барлығы 7 жұп қатысты. Барлық жұп өте жақсы дайындықпен келіп, белсенділік танытты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. І кезең –таныстыру, ІІ кезең – өз өнерін көрсету және ІІІ кезең – қолдан жасаған бұйымдарымен таныстыру. Әділ қазылар шешімі бойынша барлық кезең бойынша үздік өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болған 4«Б» сынып оқушысы мен анасы Кенжекеева мараптталды. Басқа да қатысушы жұптарға «Үздік өнер», «Үздік таныстыру», «Үздік қолөнер», «Өнерлі жұп», «Өнерлі жұп» және «Сұлу қыздар» номинацияларымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны