10 наурыз №3 мектеп-гимназиясының акт залында 6 сыныптар арасында Наурыз туралы ең үздік ән орындау байқауы өткізілді. Бірінші орынды 6ә сынып оқушылары иеленді. Екінші орын 6а сынып оқушыларында. Үшінші орын 6д және 6г сынып оқушыларында.
10 наурыз №3 мектеп-гимназиясының акт залында 5 сыныптар арасында Наурыз туралы ең үздік өлең оқу байқауы өткізілді. Бірінші орынды 5е сынып оқушысы Сайдокрамова Назли иеленді. Екінші орын Калимаханова Динара 5г және Қайратова Аружан 5ә сынып Үшінші орынды 5а сынып оқушысы Кенесов Асқар қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!!!

Астана қаласы №29 орта мектептің «Абайлаңыз мұз!»ұранымен 04 наурызда өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысуы
Астана қаласы №29 орта мектепте биылғы оқу жылында 937 оқушы бар.Оның 478-і бастауыш сынып оқушылары.459 оқушы орта және жоғары буында оқиды.Сенбілікке 120оқушы 32 мұғалім,12 кіші қызметкерлер қатысты .Барлық қатысушы саны-144 .Қыс мезгілі болғандықтан жоғары сынып оқушылары ғана жұмылдырылды.Техника жүре алмайтын бұрыштардың мұзын ойып,жиналған қар үйінділерінен мектеп ауласын тазарттық.Қыз балалар сыпыру жұмыстарын атқарды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында еліміздің болашағы - жастардың білім алуы мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Елбасының жариялаған жаңа саяси және экономикалық бағыт, біріншіден, жақсы білім беруді заманауи лайықты болашақ жасауды көздейді.

Әлемдік білім беру жүйесіне ену жағдайында білім беру саласындағы реформаларды оңтайлы жүзеге асыру мықты инфрақұрылымдарымен дамыған, оқу-лабораториялық ғимараттарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, әлеуметтік әрі мәдени бағыттағы нысандармен толыққан, үздіксіз даму үстіндегі оқу орындарының ғана қолынан келетіні мәлім.

Сондай оқу орындарының бірі және бірегейі - ұлттық рейтингте бірнеше жылдан бері көш бастап келе жатқан, Еуропалық ғылыми-өндіріс палатасының «Еуропалық стандарт» жоғары бағасының иегеріЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті десек, қателеспейміз.

Мектептің орта білім беру деңгейі оқушылардың бағдарлы бағыттар шеңберінде өз бетінше білімге деген сұраныстары мен қызығушылықтарын анықтауға ,олардың өмір бойы оқуға дайындығы мен кәсібінің анықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта №48 мектеп лицейінің география пәні мұғалімі Сембина Н.Д. 11 сыныптар арасында оқушылардың қызығушылықтарын ескере келе, географиямен байланысты мамандықтарға көңіл аударту мақсатында «Мамандыққа 7 қадам» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Бұл іс шараға Еуразия Ұлттық Университетінің ғалым ұстаздары Керімбай Н.Н. профессор, геоинформатика ғылымының докторы, Керімбай Б. С. Жаратылыс тану ғылымдарының магистры,Маштаева Ш.И. география ғылымдарының кандидаты доцент, Инкарова Ж.И. биология ғылымдарының кандидаты Бекбаева А.М. магистр қатысты. Оқушыларға мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, оқушылар өздерінің ойында жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Кездесу өте әсерлі , қызықты өтті.

3-сынып оқушылары арасында өткен танымдық сайыс өз мақсатына жетті. Сайысты ұйымдастырушылар Сыдықова Жыға Ағыбайқызы, Мұсабаева Салима Егізбайқызы. Оқушылар мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйренді. Ана тілін құрметтеуге, әдеби тілде жеткізе білуге талаптанды.

«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» бастауыш сынып апталығының барысында наурыздың 3-ші жұлдызында 1-сынып оқушыларының арасында сауат ашу пәнінен «Интеллектуалдық марафон» атты білім сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты сауат ашу пәнінен алған білімдерін анықтау. Сайысты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері: Омаршаева Нағима Таласбекқызы және Мамекова Гулмира Сагуовна.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны