12 сәуір №3 мектеп-гимназиясының акт залында 7 сынып оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дерматолог дәрігері «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ)АИТВ/ЖТИС алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара ЖЖБИ белгілері мен жұғатын жолдары және ЖЖБИ қорғану жолдары туралы өткізілді.
Астана қаласы №42 орта мектебінде 08.04.2017ж.күні «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты қыздар мен жеңгелер арасында сырласу кеші болып өтті.

Мақсаты: Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Мектебімізде кубикті тез жинайтын оқушылар өте көп екен соған байланысты үздіктерден үздігін аңықтайтын уақыты келді.
Бірінші іріктеуден өткендерді құттықтаймыз!!!
"Крокодил" ойынының информатика пән мұғалімі Күнтуған Айгерим 5 "В","Г","К" сыныптар арасында өткізді. Ойын өте қызықты, тартысты болды
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар арасында өткізіліп жатқан апталық аясында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» тақырыбында 4-сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Халықаралық «Атадан – мұра Балдәуренде» байқауында жүлделі 2-ші, 3-ші орын алған 3 «В» сынып оқушылары Әшірбай Мирас, Серік Ақмырзаны, сынып жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбылқызын ірі жеңістерімен құттықтаймыз. Оқушылар Республикалық байқаудан жолдама алып, қатысып отыр. Жас дарындарымыз биік тұғырдан көрініп, жарқырай берсін!

11.04.2017 ж. колледж кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде қазақтың үш ғарышкерлерінің өмірбаяндары мен космостағы ерліктері туралы жазылған ақпараттар бар, мысалы «Үш ғарышкер», «Қалықта ғарышта, қазағым!», «Тұңғыштың биік тұғыры», «Байқоңыр: «Алға Қазақстан» тағы да басқа мақалалар бар.

Астана қаласы №49 орта мектебінің 9 «Б» сыныбының 12 оқушысын Астана қаласы Басқару колледжіне оқуға тусуімен құттықтаймыз!

Мектебіміздің кітапханасында 1- сыныптар арасында «Денсаулық - мол байлық» атты іс-шара өткізілді.

11 сәуір күні мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Өткізілу мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу. Кездесуге Бекмади Ахат Бекмадияұлы мен Сүлейменов Балтабай ардагерлері және Алматы ауданы еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Байболов Сайлаубек Дүйсенбекұлы шақырылды. Іс-шараға Алматы ауданы ардагерлері мен мектеп оқушылары ардагерлерімізге концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны