<p style="text-align:justify;"> Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде 15.04.2017 ж. күні сенбілік өткізілді. Мектеп оқушылары мектеп алаңқайларын қыс уақытындағы қураған шөптерден тазартып жатқанда, мектептің шаруашылық қызметкерлері терезелерді жуып, ер азаматтар көлеңкелердегі қарды ашық жерлерге лақтыру жұмыстарымен айналысты. Бұл «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты қалалық сенбілікке дейінгі дайындық жұмыстарының бір көрінісі ғана.</p>
<p> №55 орта мектепте 15 сәуір күні сенбілік өткізілді. Сенбілікке 7 сынып оқушылары белсенді атсалыса қатысты. Осы сенбілікте барлық мектеп айналасы, мектеп ауласын қоқыс пен қураған шөп-шаламнан тазартып, сыпырып жинастырды. Қыз балалар мектеп айналасын сыпырып, қураған шөптерді тазартып отырса, ер балалар жер қазып, көшет отырғызуға дайындады. Мектеп ауласын көркемдету бойынша жұмыстары жалғасуда.</p>
<p>12 сәуірде біздің мектепте Ғарышкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты сап түзеу өткізілді.</p>
Ойын өте тартысты және қызықты өтті. Ойын қорытындысы бойынша 8-10 б сыныптары үздіктердің үздігі болды
Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған мақаласын 15 сәуір күні №55 орта мектепте 8-9 сыныпар арасында баяндама оқылып, 198 оқушы жиналған сап түзеу жиынында балаларға ақпараттандырылды.
№3 мектеп-гимназиясының 2 ə сынып оқушысы Оразалы Алимадан, 3 ə сынып оқушысы Рахимжан Санжардан, 4 а сынып оқушысы Боргекова Нурайдан құралған топ құрамын құттықтаймыз.Оқушылар қалалық математикалық «Бастау» турнирінен үшінші орынға ие болды. Топ жетекшісі Кусаинова Нуржамал Мусаевна. Жарайсыңдар!!!
15 сәуір №3 мектеп-гимназиясының 5-10 сынып оқушылары экологиялық айлық аясында мектеп айналасын абаттандыруға шықты.
15 сәуір №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптарында «Біз таза қала үшін!» экологиялық айлығы барысында сынып сағаттары өткізілді.
№3 мектеп-гимназиясының 5б сынып оқушысы Филиппи Максимді шайбалы хоккейден өткізілген Республикалық турнирінен бірінші орынға ие болуымен құттықтаймыз! Жарайсың!!!
№3 мектеп-гимназиясының 4д сынып оқушысы Резников Сергейді қалалық әуе көліктерін модельдеу бойынша өткізілген жарыста екінші орынға ие болуымен құттықтаймыз!!!
№3 мектеп-гимназяиысының 6д сынып оқушысы Шэ Дарья «Жұлдыздап шеруі» қалалық байқауының «Пародияшы актёр» номинациясы бойынша үшінші ие болды. Құттықтаймыз және ары қарай толағай табыстар тілейміз!!!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны