1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектебімізде 28-ші сәуір күні «Достық» фестивалі өткізілді. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы, берекенің ұйтқысы,бірліктің қайнар бұлағы. 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жандарды құшағына сыйғызып отыр. Ынтымақ пен бірліктің алмайтын асуы,жеңбейтін қиындығы жоқ. Осы құндылықтарды өмірдің өзегіне айналдыру мақсатында мектебімізде «Бір шаңырақ астында» тақырыбымен «Достық» фестивальін өткізу дәстүрге айналған. 9-10 сыныптар арасында өткен іс-шараның мақсаты оқушыларды достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу болды.
№48 мектеп лицейінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отаның қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Осы мерекеге ардагерлер ұйымынан «Әнім Астана » ансамблі мерекелік бағдарламала ұсынып, домбырамен, баянмен күмбірлетіп ән салды.10 «А» сыныбының ұйымдастыруымен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шара соңында 11-ші сыныптардың оқушылары мерекелік дастархан жайды. Ардагерлеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді.Жас ұрпақ әрқашан ардагерлерімізге құрметпен қарап, ұлы істерін мақтан етеді!

Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде 29 сәуір күні сенбілік өткізілді. «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты жалпықалалық сенбілік Өзін өзі басқару ұйымы ұйымдастырған флэшмобпен басталды. Сенбіліктің жоспары бекітіліп, сыныптарға тазалайтын мектеп аймағы бекітілді. Оқушылар мектеп ауласын, айналасын тазартып, ақтап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

01.05.17 күні Астана қаласы №84 мектеп-лицейінің директоры Жусупова Зауре Ғинаятқызы қазақстандық делегациямен бірге Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу Дабиға іс-сапармен барды. Іс сапар барысында бен Шейх Халифа қорының директоры Мұхаммед Хажи Әл Хури мырзамен кездесіп, мектебіміздің болашақтағы өркендеуі мақсатындағы жоспарларды талқылады. Сонымен бірге Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

№3 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі қарсаңында Горький атындағы орыс драма театрына барды. Мектеп оқушылары «Күлкілі ақша» комедиясын көрді.
№3 мектеп-гимназиясының 2б сынып оқушысы Шарипов Амальбекті жеңісімен құттықтаймыз! Біздің жас спортшымыз Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс мерекесіне арналған жүзуден өткен қалалық сайыстан бірінші орынға ие болды.
2017 жылғы 29 сәуірде Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым

29-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары сенбілікке байланысты екі-үш күн бұрын Көктал тұрғындарына шақыру қағазын берді. 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы сөз бастап, оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтып өтті. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Халықтар достығы бірлікте
29 сәуір күні 6 а сыныбы 1 мамыр ынтымақ күніне орай "Халықтар достығы бірлікте" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.9 а сыныбы "Татыулық - ел тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
29 сәуір – жалпықалалық сенбілік күні №52 мектеп-гимназиясында мектеп ауласына музыка ойнатылып оқушылар сапқа тұрғызылды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны