Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.05.2017

«Жауынгерлерге рух берген майдан әндері»

№64 мектеп-лицейінде  мамырдың 4-і күні  Жеңіс күні мерекесіне арналған   «Жауынгерлерге рух берген майдан әндері» атты әдеби-сазды  іс-шара өтті. Шара барасында сол жылдарда туған өлеңдер мен әндер шырқалып,  Отанын қорғауға, құрметтеуге үндейтін әнұрандық әндер, азаматтық әуендегі туындылар өскелең ұрпақ бойынан патриоттық сезімдерді қалыптастырып, халыққа рух беруді мақсат етті.

06.05.2017

Футболдан шағын жарыс

Отан қорғаушы күніне, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 72 жылдығына орай мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының арасында шағын футболдан жарыс өтті.

06.05.2017

9 Мамыр - Жеңіс күні! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

9 Мамыр - Жеңіс күні!  Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш!

06.05.2017

Мектептің 110 жылдық мерейтойына арналған І қалалық "RoboSkills" робот техникасы фестивалі өтті

Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мекте-гимназиясының 110 жылдық мерейтойына орай аталмыш мектепте І қалалық «Roboskills»  робот техникасы фестивалі өтті

06.05.2017

"Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс" атты іс шара болып өтті.

А.С.Мукашеваның жəне ДТІЖО Г.А.Ускенбаеваның ұйымдастыруымен 7 мамыр ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы жəне 9 мамыр Жеңіс күнінің 72 жылдығына орай ардагерлерге, ата-аналар мен оқушыларға арналған "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс" атты іс шара болып өтті.

05.05.2017

«Жаппай диктант»

8-11 сынып оқушылар арасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жаппай диктант»

05.05.2017

«Біз таза қала үшін!» қалалық сенбілік қарсаңында ұйымдастырылған флешмоб

29.04.2017 №3 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары «Біз таза қала үшін!» қалалық сенбілік қарсаңында ұйымдастырылған флешмобқа белсенді қатысты.

05.05.2017

2в сынып оқушысы Дрютова Екатеринаны құттықтаймыз

№3 мектеп-гимназиясының 2в сынып оқушысы Дрютова Екатеринаны Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жүзуден өткен жарыстан үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз.

05.05.2017

«Сыршыл ақын - Сырағаң»

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында 5 мамыр күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің кітапханасында дүлділ ақын, мектебіміздің атын иеленіп жүрген Сырбай Мәуленовтың соғыс жолында жазған өлеңдер байқауы 4 сыныптар арасында  өтті.  Байқауды   орыс тілі пән мұғалімі Байбекова Сауле Оразбековна ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері Оразбаева Бағдат Қайыржановна мен Ахметова Бибисара Саматовна осы іс –шараға арнап Сырбай Мәуленов шығармашылығынан «Сыршыл ақын - Сырағаң» атты көрме ұйымдастырды.

Іс –шараның Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында өтуіне байланысты Ауған соғысының ардагері Кабиев Сенбек Мажитұлы мен Нұрымбетов Нұрхан Амангелдіұлы шақырылды. Байқау бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Сырбай атамыз өмір мен өлім белдескен алапат соғыстың тауқыметін  басынан кешірген ақын.

Мың қолдар сау болсын деп

Мен бір қолымды бердім.

Мың жолдар жалғансын деп,

Мен бір жолымды бердім,- деген өлең жолдары жауынгер ақынның жан түпкірінен шыққан шындығы.

Байқауға қатысқан 4 сынып оқушылары ақынның «Окоп», «Көрдім кеше қияметін», «Сұр шинел», «Выстрел в меня», «Тар окоп болды үйім менің», «Военный корреспондент», «Прекрасна ласточка весной», «Санитарка», «Раненый», «Война - беда» атты өлеңдерін жатқа мінерлеп оқыды. Келген қонақтарымыз өз ойларымен бөлісіп, балаларға жақсы тілектерін білдірді.

Байқау соңында 4 сынып оқушысы Секенов Қайсар  келген қонақтарға арнап «Ерке сылқым» күйін орындады. Мәнерлеп оқыған оқушыларды жүлделі орындармен, сыйлықтармен марапатталды. Ардагерлердің қатысуымен өткізілген іс –шаралар оқушылардың патриоттық сезімін арттырады.

Курсанова Б.К.
Искакова М.Б.

05.05.2017

Құттықтаймыз!!!

Еркін күрестен Республикалық турнир. 9 "К" сынып оқушысы 2 орын. Құттықтаймыз!!!

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны