<p>Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда талантты, қабілетті,өнерлі оқушыларды көру әр білім ошағының басты мақсаты. Елжандылыққа баулу, патриот тәрбиелеу мақсатында <em>5-8 сыныптар</em> арасында өткізілген сайыс өз дәрежесінде болды. Оқушыларымыз байқау шарттары бойынша өздерін әр қырынан танытты. <br />Әсіресе тапқырлық,ептілік,шешендіктің үлгісін көрсеткен оқушыларға әділ қазылар өз ризашылығын білдірді. Бағалау критерийлері (костюм,шеберлік,сахна мәдениеті) де көпшіліктің ойынан шығып қуантты.</p>
<p>Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсанында 4 бөлімінен тұратын «Жігіт сұлтаны» сайысы 9-10 сыныптар арасында жоғары деңгейде өтті. «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш атасын танымас» шарттары да өз мақсатына жетті. Оқушылардың ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салу әділ қазылар алқасына оңай болған жоқ. Оқушылар мың құбылтып ән салды, күмбірлете күй тартты. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей кір тасын да көтеріп көрермендердің көз айымына айналды.</p>
№3 мектеп-гимназиясының 9г және 9д сынып оқушылары соғыс ардагерін Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс Күнімен құттықтады.
№3 мектеп-гимназиясының 7а және 7д сынып оқушылары соғыс ардагерін Отан Қорғаушылар күнімен және Жеңіс Күнімен құттықтады.
№3 мектеп-гимназиясының 6в 7г және 7е сынып оқушылары тыл ардагері Пинчук Людмила Александровнаны Жеңіс күнімен құттықтады.
№3 мектеп-гимназиясының 5б сынып оқушылары сынып жетекшісімен соғыс ардагерін Жеңіс Күнімен құттықтады.
№3 мектеп-гимназиясының 5в және 8б сынып оқушылары Сердюков Василий Антоновичті Отан қорғаушылар мерекесімен және Жеңіс Күнімен құттықтады.
1ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Г.А.Хамзинамен және ата-аналармен бірігіп Жеңіс Күні мерекесіне арналған ертеңгілік әзірледі және соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерін құттықтады.
5 мамыр №3 мектеп-гимназиясының 9 сыныптары арасында Жеңіс Күні мерекесіне арналған тарих пәні мұғалімі Т.С.Колужонок интеллектулдық турнир өткізілді. Бірінші орынды 9е сынып оқушылары командасы иеленді Екінші орынды 9г сынып оқушылары иеленді Үшінші орынды 9д сынып оқушылары иеленді Жеңімпаздар мадақтамалар мен сыйлықтарға ие болды.
5 мамыр №3 мектеп-гимназиясында Отан Қорғаушылар мерекесі қарсаңында ер мұғалімдерді құттықтады. Оқушылардың және жас мұғалімдердің көмегімен шағын концерт ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі мадақтамалар мен Нұротан партиясы филиалы атынан алғыс хаттар, Білім басқармасынан және мектеп директоры атынан табыс етілді.
2017 жылдың 4 мамыр күні №3 мектеп-гимназиясының 5-7 сынып оқушылары Мемлекеттік Орыс Академиялық Драма театрына барды. Мектеп оқушылар Жеңіс Күні мерекесіне арналған "Чем дальше мы уходим от войны..." қойылымын көрді.
6 мамыр №3 мектеп-гимназясының 1-11 сыныптарында Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс Күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны