Меню KDT

Новости

Главная Новости

12.05.2017

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

12.05.17 күні ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ата-аналардың алғаш жалпыұлттық жиналысы Астана қаласындағы № 84 мектеп-лицейінде жоғары деңгейде өткізілді. 1 - 11 сыныптардың ата-аналары қатысқан жиналыста лицей директоры Жусупова Зауре Гинаятқызы жүргізіп, ата-аналарды жиынның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Оқу ісінің орынбасарлары өз кезектерінде жаңартылған білім мазмұны, ҰБТ, қамқоршылық кеңестер туралы кеңінен ақпараттар берді. Жиын соңында қатысушылардың дауыс беруі арқылы Қамқоршылық кеңестің мүшелері сайланды. Осы сәтті пайдаланып мектеп басшысы З.Жусупова мектеп ауласына 25 түп емен ағаштарын отырғызуға көмек көрсеткен ата-ана Қуанышев Асқар Жекебайұлына мектеп ұжымы атынан алғысын білдірді. Жиналыс ата-аналардың қызу қолдауымен аяқталды.

12.05.2017

"Astana жұлдыздары"

Қаламызда "Astana жұлдыздары" атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы өтті. Біздің мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Жансейтова Айнұр Орынбековна шәкірті 1 "А" сынып оқушысы Шаяхметова Анельмен қатысып, "Дәстүрлі ән" номинациясында 1 орынға ие болды. Айнұр мұғалім қуанышыңызға ортақпыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

12.05.2017

Жалпы ата-аналар жиналысы

Жалпы ата-аналар жиналысы мектебіміздің салтанат залында өтті. Алғашқы сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызына берілді. Мектептегі қамқоршылық кеңестің орны, оқушылардың оқу үлгерімі, «Start school: сүйікті мектебін жетілдіруге қатысыңыз», «Мектепке кітап сыйла», «Мектептің болашағы үшін» акциялар туралы мәлімет берді. Ата-аналарға акциялар жайында кеңінен түсіндірді. Кітапхананы әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ету керектігін айтты.

12.05.2017

«Шаңырағым – шаттығым!» отбасылық сайысы

Мектебімізде халықаралық отбасы күніне арналған мектепішілік «Шаңырағым – шаттығым!» отбасылық сайысы өтті. 5-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқан сайыстың қорытындысы бойынша  І орынды 5 «Г» сыныбының Батырбековтер отбасы иеленсе, ІІ орынды 5 «Ә» сыныбының Мұхамедқалиевтер отбасы мен 5 «А» сыныбының Самибектер отбасылары бөлісті. ІІІ орын 5 «Д» сыныбының Иманғалиевтер отбасысына бұйырды.

12.05.2017

Республикалық ата-аналар жиналысы

Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында мамырдың 12 күні Республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп ұжымы және 143 ата-ана қатысты.

11.05.2017

Қазақстанның әр азаматының борышы-ел қорғау

05.05.2017 жылы №3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары ҚРҚК имиджін нығайтуға бағытталған «Қазақстанның әр азаматының борышы-ел қорғау» атты акциясына қатысты.

11.05.2017

Біздің оқушыларымыз Алматы қаласында өткен Республикалық педагогикалық олимпиадасында үшінші орынға ие болды

№3 мектеп-гимназиясының оқушылар командасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!!! Біздің оқушыларымыз Алматы қаласында өткен Республикалық педагогикалық олимпиадасында үшінші орынға ие болды!!! Әрі қарай толағай табыстар тілейміз!

11.05.2017

Мұражайға саяхат

1997 жылдан бастап 31-мамыр саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми бекітілген болатын. Биыл, тағдыр тəлкегіне түскен тарихи тұлғалар саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбандарына айналды.

11.05.2017

Калейдоскоп планет

3 мамыр 2017 жылғы №31 мектеп-гимназиясында Қазақстан Халқының Бірлігі күніне арналған "Калейдоскоп планет" фестивалі өтті.

11.05.2017

«Жігіт сұлтаны-2017»

Оқушыларға  халқымыздың  ғасырлар  бойы  келе  жатқан  әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ата-баба дәстүрін  құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге  баулу, Атамекенге   деген  сүйіспеншілікті  арттыру мақсатында  мектебімізде  жыл  сайын  «Жігіт сұлтаны» сайысын  өткізу дәстүрге айналған. 1-4 сыныптар арасында  өткен сайыс өз мақсатына жетті. Оқушылар байқау шарттарын орындап, өздерін жан-жақты көрсетуге тырысты.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны