Меню KDT

Новости

Главная Новости

24.06.2017

ЭКСПО көрмесі

ЭКСПО-2017 көрмесіне мектебіміздің 6-8 сынып оқушылары барды. Олардың көбі сабақты үздік оқитындар мен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балалар. Оқушыларымыз көрме алаңында жүріп көптеген қызықтарды көрді. Алдымен Африка, Қытай, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінің павильондарында болды. Мұндағы әр елдің өздерінің мәдениетіне, дәстүрлеріне қатысты қолөнер туындылары мен 3D кинотеатрлары балаларды ерекше қызықтыруда. Балалар үйлеріне ерекше әсер алып қайтатынына сенімдіміз.

24.06.2017

"Күншуақты жаз" жазғы сауықтыру лагері 2016-2017 жыл

№ 55 орта мектептің 2016-2017 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» лагері.

Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша II ауысым бойынша жұмыс жүргізді.

I-ауысым 29.05-09.06.2017ж ,II –ауысым 12.06-23.06.2017ж аралығында жүргізілді.

Мақсаты:

«Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

24.06.2017

"Болашаққа нық қадам" 9 сынып оқушыларының аттестат алу кеші

№55 орта мектепте 9 сынып оқушыларының аттестат алу кеші өткізілді. Мектеп директоры Жанат Талғатқызы мектеп бітіруші түлектеріне арнаған құттықтауымен бастап, мектеп бітіруші түлектердің армандарына  қанат бітіріп, көңілдеріне  шаттық сыйлады. Түлектерге «Алтын белгі» мен «Үздік аттестаты» тапсырылып, қадамдарына сәттілік тіледі. Ел тарихында ерекше орын алатын «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен қатар келген  қуанышты күнде алған құжаттары мәңгілік тарихи  естелік екендігін  атап өтті. Жүздері  бал-бұл жанған  түлектер қуанышында  шек  болмады. Мектеп басшысы биылғы бітіруші түлектердің  ата-аналарына жыл бойы мектеп тынысымен тығыз байланыста болып,  қоғамдық шаралар белсендісі болғандығы үшін  арнайы үлгідегі  Алғыс хатты табыстады. Ата-аналар атынан  Тәжімбетов А.  жүрек  жарды лебізін білдіре келе, ақ батасын берді.Болашақа нық қадам дей отырып мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз!

24.06.2017

"Подарок другу" акциясы

№55 орта мектеп ұстаздары Сейдахметова Ж.М. Калдыбаева З., Токенов Ж. "Подарок другу" атты қалалық акцияға жетім балалар үйіне барып, көмектерін көрсете білді. Балаларға керек ойыншық түрлерімен балаларды қуанышқа бөледі.

24.06.2017

Жұлдыздар шеруі - 2017

№55 орта мектепте "Жұлдыздар шеруі -2017" атты марапаттау кеші откізілді. Кеште 2016-2017 оқу жылындағы қалалык,республикалық,халықаралық олимпиада , спорт пен өнер саласында т.б жетістікке жеткен оқушылар мен олардың ата-аналары жане жетекшілік еткен ұстаздарымыз марапатталды.

23.06.2017

Қалалық «Қуыршақ» теетры

9 маусым. Қалалық «Қуыршақ» теетры.

23.06.2017

Сәттілік тілейміз!

23.06.2017. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысып жатқан №84 мектеп-лицейінің түлектеріне тек сәттілік тілейміз! Біз оларға сенім артамыз!

23.06.2017

2017 оқу жылындағы мектеп жанындағы "Атамекен" лагерінің есебі

23.06.2017

Хабарландыру! № 59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап мектеп формасына өзгеріс енетінін хабарлайды:

Хабарландыру!

№ 59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап мектеп формасына өзгеріс енетінін хабарлайды:

22.06.2017

№ 16 орта мектеп бойынша ЭКСПО-2017 көрмесіне баруды талдау

17 жылы 22 маусымда № 16 орта мектептің бес оқушысы ЭКСПО-2017 көрмесіне барды

21.06.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

21.06.2017

№ 65 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» демалыс лагері

«Балдәурен»  демалыс лагеріне І- ІІ ауысымда барлығы 380 оқушы қамтылды. І ауысым 29 мамыр мен 9 маусым аралығында болса, ІІ ауысым 12 маусымнан басталды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны