Меню KDT

Новости

Главная Новости

02.09.2017

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар !

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар ! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!

01.09.2017

Сыңғырла алғашқы қоңырау!

Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің 1 қыркүйек - Білім күніне, арналған "Сыңғырла алғашқы қоңырау!" атты салтанатты жиыны өткізілді

01.09.2017

Жаңадан келген ұстаздарға семинар-тренинг өткізілді

Жаңа оқу жылының алдында  мектеп үйлестірушісі Ж.Мукатова  мектебімізге жаңадан келген ұстаздарға  «Оқушыларды қалай бағалаймыз?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдау көрсету.

01.09.2017

Білім күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы жаңа бастамаларымен ерекшеленіп, білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Білім беру мақсаттары шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын тұлға тәрбиелеуді талап етеді. Бүгінгі күн баршаңызға жақсы көңіл күй, мықты денсаулық сыйласын. Жаңа бастамаларды жүзеге асыруда ұдайы ізденістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

31.08.2017

2-қыркүйек Білім күніне арналған хабарландыру!

02.09.2017 ж. күні болатын Білім күніне арналған сап түзеулер кестесі

29.08.2017

Семинар-практикалық жұмыс

2017 жылғы 29 тамызда «ҚР мектепке дейінгі білім беруді жаңарту шеңберінде білім беру процесін жоспарлау» тақырыбында семинар-практикалық жұмыс өткізілді

29.08.2017

Құттықтаймыз!

Алматы облысы Қаскелен қаласында Сүлейман Демирель атындағы универсиетінде  2017 жылдың  9-10 тамыз күндері мамандандырылған білім беру ұйымдары  қызметкерлерінің «Білім - болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тамыз педагогикалық кеңесіне  №48 мектеп-лицейдің директоры Садыкова З.Ж, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шонова А.Қ, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қ.И  қатысып келді.

28.08.2017

Оразақта болған оқиға

Биылғы Ораза айының ең шуақты күні – Қадір түні мерекесін қарсы алар кездің күндізгі бір уақытында Оразақ ауылында ұмытылмастай оқыс оқиға болды.

Нұра бойын жағалаған қос бүлдіршін аяқастынан суға тұншығып жағадан алыстай берді. Бұл осы ауылдың үйелмелі-сүйелмелі балалары ағайынды Жайық пен Нұрислам Жеңісбай ұлдары болатын.

Астанадан ауылға демалысқа келген 17 жасар бозбала Шыңғыс Маратұлы оларды көзі шалып, Нұраның асау толқынына қарамай суға қойып кетеді. Қара суық су жасөспірім балаларға өрмекшінің торынан кем болған жоқ. Бірақ, жас өрен малтыққан бейкүнә жандарға араша болмақ боп әлі жеткенше өліммен арпалысқа түседі. 10 мен 12-нің арасындағы ағайынды балалар соның арқасында жағаға аман-сау шыққан екен. Бұл бір қуанарлық жағдай болса, өкініштісі сол, жаратылысынан ержүрек боп туған Шыңғыс Маратұлы Тиыштық әлсіреп барып Нұраның тұңғиығына батып кетеді.

Батыр бала осылайша бақилықтың есігін ашып оралмастардың қатарына қосылды.

Күйінішті естен кетпес оқиғаға Шыңғыстың туған-туысқандары қалай қиналса, Оразақ ауылының тұрғындары да қатты қамықты. Оның соңғы сапарға аттанардағы жаназасын осы ауылдың имамы Тимур Дәметов өзі шығарды. Басқаны құтқару үшін өзінің жанын қиған бұл жігіттің ерлігін осы елдің тұрғындары өмірі естен шығармайды деп ойлаймыз.

Шыңғыс Маратұлы Астана қаласындағы №53 мектеп-лицейінің шәкірті болған-ды. Қыршынынан қиылған жастың бұл ғұмырдағы ерлігі басқаларға өнеге болсын, жатқан жері жұмсақ, қабірі нұрға болсын!

Жанат Түгелбаев

«Есіл-Нұра» газеті

Шыңғыстың біздің мектеп-лицейінің оқушысы болғанын мақтан тұтамыз. Шыңғыс біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!

26.08.2017

Ата-аналар жиналысы

26 тамыз күні №59 мектеп -  лицейінде жиналыс өткізілді.

26.08.2017

МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Құрметті ата-аналар!

Мектеп формасының түсі - қара-көк (Астана қаласы бойынша)

Ескерту: бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қара-көк түсті форма алынады. Ал басқа сыныптарда оқитын балалар бүгінгі таңдағы бар формасын киіп, ол форма тозғаннан соң осы қара-көк түсте форма сатып алынуы керек. Яғни, мектеп формасын кезең-кезеңмен біркелкі қара-көк үлгіге сай келтіру жоспарланып отыр.

2. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы қажет.

3. Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

4. Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.

5. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

6. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

8. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің мыжылын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады.

Сіз қалауыңыз бойынша форма жеткізушісін таңдай аласыздар. Бастысы - Сіз алған мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

25.08.2017

42 орта мектебі "Болашақ" жазғы лагері

Осы жылдың 29 мамырымен 9 маусым аралығында «Болашақ» лагерінде 30 бала демалды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны