Жалпы ата-аналар жиналысы мектебіміздің салтанат залында өтті. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ештанаев Жазыбек Опиұлы жиналған қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы ата-аналарды жаңа оқу үрдісімен таныстырды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы 2017-2018 оқу жылындағы іс-шаралардың өткізілуі туралы мәлімдеді. Критериалды бағалау туралы директордың бастауыш сынып бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уалиева Сандуғаш Қалиденқызы кеңінен түсіндірді.

Жаңартылған бағдарлама

2017 жылдың 13 қыркүйегінде жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеясымен жіті таныстырылым барысы өтті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әбіл Наташа 5 «В» сыныбы ата-аналарына жаңа форматты қалыптастырып, модерация жасауды бағыттады. Ата-аналарды топтастыру әдісімен топтарға бөліп, ондағы әрбірінің рөлімен таныстырды. Топта бірлескен жұмыста ата-аналардың өзара ынтымақтастық аясы кеңейе түскені көңіл қуантады.

11 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясында «Денсаулық күні» өтті. 5-11-сынып оқушылары спорт жарыстарында белсенді ойын көрсетті. 7 – сыныптар арасында алғашқы үштікті 7Ә,7В,7А және 7Б сыныптары түйіндесе, 8-сыныптар арасында 8Д, 8В,8Ә сыныптары үздік деген атаққа лайық екендерін дәлелдеді. 9Б,9В,9Г сыныптары өз қатарластарынан оқ бойы озық шықса, 10-11 сыныптар арасында үздіктер шеруін 10Б, 11А, 10А сыныптары аяқтады.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны