22 қыркүйек – тілдер күніне орай «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты фестиваль өтті.

№ 18 орта мектебінде Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптейтін 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.
Мектеп әкімшілігі бекіткен шаралар жоспары бойынша апта бойы шаралар өткізілді. 18 қыркүйек күні салтанатты линейкада апталықтың ашылу рәсімі өтті.Барлық өткізген шаралар өздерінің терең маңыздылығымен ерекшеленді,тәрбиелік бағасы зор екенін танытты.
"Мектепке жол" атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында #59 мектеп-лицейінің 9 "Ə" сынып оқушылары: Аманқасова С., Кенжебек А., Кусаинова Б., Жамкенова А., Думан А., Кадыр И., Зиябек А. белсене қатысты.
8, 10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері мерекесі аясында өтіп жатқан «Үш тілді білу-елге үлгі болу» онкүндігі аясында «Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығында» өткізіліп жатқан «Ұлт мұрасы – халық игілігі» атты патриоттық акциясына қатысты.

Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді.

Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Астана қаласының №38 мектеп-лицейі Елорда тарихында алғаш ашылған қазақ мектебі. Мектептің мемлекеттік тілге деген жанашырлығы алғашқы ашылған күнінен-ақ бастау алды. Бұл дәстүр жылдан-жылға жаңаланып, ана тілге деген құрмет пән сабақтарынан ғана емес, мектептің түрлі іс-шараларына қатысқан оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуінен көрініп тұрады.

Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 21 қыркүйек күні «Тіл-халықтың бойтұмары» атты айлықтың ашылуы болып өтті.

Жақында мектебімізде Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік бірлестігі «Тілім барда жасқанбаймын өзгеден!» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Жиырмаға жуық оқушылар қатысып, тілге, елге байланысты өлеңдер оқыды. Ұлт үшін, тіл үшін жанын пида еткен қазақ зиялылары туралы бейнефильмдер көрсетілді. Кеш барысында өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқады. Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Бір шаңырақ астында» тақырыбында плакаттар байқауын ұйымдастырды. Шараға 9-сыныптың оқушылары қатысты.

Бүгін Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында "Еңбек күні", "Отбасы күні", "Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында "Ұрпақтар жалғасы" атты қалалық іс-шара болып өтті. Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Жангозин Ануар Қанатұлы, Қазақстан кəсіподақ төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Астана қаласы Білім қызметкерлерінің қалалық "Əділет" кəсіподағының төрайымы Наурызбаева Балсұлу Мұзафаровна, Астана қаласы Білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы Қылышбаева Жаңыл Ашмуханқызы қатысты. Іс-шарада еңбек өтілі 100 жылдан астам марапаттау саны көп əулеттер, жұмыс өтілі 20 жылдан астам жас мамандарға іс-тəжірибесін, үлгі-өнегесін үйретіп жүрген тəлімгерлер, жұмыс өтілі 3 жылдан аспайтын ең белсенді, еңбекқор жас мамандар арнайы алғыс хаттармен жəне ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны