Қыркүйек айының 29-ыншы жұлдызында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде ұстаздар құрметіне арналған «ЕҢ АЯУЛЫ ЕСІМ ҒОЙ ҰСТАЗ ДЕГЕН» мерекелік концерті өтті. Мерекелік кеш мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызының жүрекжарды тілегімен басталып, ұлағатты ұстаздық жолға өмірін арнаған, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін мұғалімдерді марапаттаумен жалғасты.

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» сияқты теңеулерге лайықты ұстаздарымызды шәкірттері де құттықтап, жылы лебіздері мен асқақ махаббаттарын әсем ән мен би арқылы жеткізді.

Шәкірттеріне мейірімді, сөзіне берік, жаны жомарт, ойы өткір ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз!

19 жетекші астаналық мектеп ақшалай жүлделермен марапатталды. Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, астанада ең үздік білім беру ұйымдарын марапаттағанын жеткізді. Қала басшысының гранттарымен бес номинация бойынша мекемелер және педагогтар атап өтілді. «Ең үздік мектеп» атағына №3 мектеп-гимназиясы, ал ең үздік мектепке дейінгі білім ұйымы атағына №37 «Арман» балабақшасы ие болды. Ең үздік қосымша білім беру ұйымы Балалар көркемсурет мектебі танылды, «Гуманитарлық колледж» МКҚК «Ең үздік колледж» атағына ие болды және «№1 психалогиялық-педагогикалық түзету кабинеті» МКҚК ең үздік арнайы ұйым деп танылды. Іс-шара шеңберінде балаға білім беру және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижеге жеткен педагогтарды Білім және ғылым министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрмет төсбелгілерімен марапатталды. Ең үздік мектеп ұжымына алты миллион теңге көлемінде грант берілді. Сонымен қатар, Астананың 19 жетекші мектебі ақшалай жүлделермен аталып белгіленді. Олар жаңартылған білім беру мазмұны, халықаралық стандарт және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» менеджменттің енгізу шеңберінде жемісті жұмыс атқарды. Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен сүйемелденді. Баспасөз қызметі астананың білім беру жүйесінде 15 мың педагогикалық қызметкер бар екенін және оның ішінде 87 пайыз – жоғары білімі барлар екенін атап белгіледі. Соңғы 5 жыл ішінде еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін екі мың педагогикалық қызметкер атап өтілді, оның ішінде 123 – төсбелгілерімен, 117 – мемлекеттік наградалармен, 170 – ҚР БҒМ құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, 125 – қала әкімінің алғыс хаттарымен және 1450 педагогикалық қызметкерлер – білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Мектебіміздің салтанат залында қарттар күніне арналған «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш өтті. Мерекеге Көктал кентінің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ештанаев Жазыбек Опиұлы жиналған қауымды мейрамдарымен құттықтады. Кешке келген қонағымыз Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы қарттарға жүрекжарды тілегін білдірді.

28 қыркүйек 2017 жылы Қарттар күні мерекесіне орай «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру және тәрбие беру бағытында «Ризашылық» қайырымдылық іс-шара барысында №59 мектеп-лицейінің 9 «А», 9 «Д» сынып оқушылары қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік-медициналық мекемесіне барып «Қарттар – асыл қазынам» атты акциясын өткізді.
Бүгін мектебімізде Ұстаздарымыз бен қарттарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылған болатын. Іс –шарамызға мектебіміздің ардагер ұстаздары мен қазыналы қарияларымыз қонақ болып, қатысты. Мектеп әкімшілігінің атынан ұстаздарымызға марапаттар табыс етіліп, қарттарымызға сыйлықтары ұсынылды.
Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Есіл аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері Мұғалімдер күні мерекесіне орай, Астана қаласының Есіл ауданының мектептерінің және балабақшаларының басшыларын, мұғалімдерін, тәрбиешілерін марапаттау салтанатты кешін ұйымдастырды.
Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Есіл аудандық Нұр Отан партиясының мүшесі Асхат Мағзұмұлы мектебіміздің Ұланбасы және жоғары сыныптардың белсенді оқушыларымен, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел басында сұхбат өткізілді.

Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 28 қыркүйегінде ішкі істер департаментінің полиция подполковнигі және нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Сергей Сергеевич Ильиныхтың қатысуымен 10 және 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.

27 қыркүйек күні Қазақ үшін екінші Абай атанған Мұхтар Әуезовтың туылғанына биыл 120 жыл толуына орай «Кітаптың сырлы парақтарындағы Отанға деген махаббат» атты әдеби кеші өтті. Осы айтулы шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смагулова Назгүл Бекзанқызының жетешілігімен 8 «Ә» сыныбы № 4 балалар кітапханасында ақынға арналған шығармашылық кешке қатысып, өздерінің Мұхтар атаға деген құрметін көрсетті. Шара барысында оқушыларымыз қаламгердің шығармаларын жатқа оқып, өз ойларын ортаға сала отырып, ақынның әңгімелерін, қаламынан туған сырлы да, сынды оқиғаларын еске түсіріп, үлкен де ауқымды пікір талас жасай білді.

Астана қаласының ұстаздарын мерекемен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
Т.Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте – «Алтын күз» мезгілі басталды
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны