2017 жылы 11 қазанда Астана қаласының "№ 69 мектеп-гимназиясының" орыс тілі мен әдебиеті пəні мұғалімі Кульмагамбетова Светлана Тілеужановна Білім Басқармасының әдіскері Кулушпаева Жанна Ашмухановнаның қолынан «Құрмет грамотасын» алды. Республикалық, қалалық педагогикалық конкурстардың жүлдегері. Қалалық,республикалық деңгейде олимпиада жүлдегерлерін дайындаған баптаушы. Еңбегі жанып, республика бойынша үздік педагогтардың қатарынан көрінді. Ұстаздың алар биігі әлі де алда екендігіне сенімдіміз.
2017 жылдың қазан айының 11-жұлдызында Астана қаласының мектепалды дәстүрлі Сәкен оқуларының «Сәкеннің аманаты» номинациясына мектебіміздің 7-11-сынып оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ-орынды қанжығаларына салып келгендерімен құттықтаймыз. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері-Шакирова Роза Зиябековна мен Нурышова Фарида Сулейменовнаға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.
Бүгін 81 "Astana English school" гимназиясында 5-10-сыныптар аралығында алтын күздің əсемдігін, күз айының ерекшелігін фото арқылы жеткізу, оқушылардың фото өнерін дəріптеу, күз мезгіліндегі құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу, талантты жас фотографтарды анықтау, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру, өз елінің табиғатын қорғауға, қамқорлықпен қарауға жəне ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге тəрбиелеу мақсатында АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ" деген тақырыпта фото байқауы болып өтті.
81"Astana English school " гимназиясында бүгін 1-4-сыныптар арасында күзгі жəрмеңке өтті. Оқушылардың табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу мақсатында өткен күзгі жәрмеңкеге 1-4-сыныптар өте жоғарғы деңгейде дайындалған. Сынып жетекші, тәрбиеші, сынып ата-аналарына алғыс білдіреміз.

2017 жылы 12 қазан күні «№3 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге 1-2 курс студенттері қатысты.

Қыркүйек-қазан айларында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте жоғары деңгейде экология айлығы өтті: оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту бойынша бірқатар жұмыстар өткізілді. 1-4 сынып оқушылары аталмыш айлық аясында «Құстарды қыста қоректендіріңдер!» шарасына қатысты. Сонымен қатар «Адам табиғатпен дос , мұнымен бөліс!», «Дәрілік өсімдіктер», «Гүлдер – табиғат сыйы», «Жер-Ананы қорғайық!» атты туған жер табиғаты, құстар, өсімдіктер мен жануарлар туралы байқаулар, өлең-сөз жарыстары орын алды. Айлықтың қорытындысы ретінде мектептің акт залында оқушылар «Жер шарын сақтайық!» атты слайд-шоуды тамашалап, ойындарға белсенді атсалысты. Әрбір қатысушы сынып I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шараға барлық бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысты. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың жұмыла атқарған еңбегі баланың сана-сезіміне, экологиялық мәдениетіне ең нәтижелі әсер бергені анық.

2017 жылы 11 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте бастауыш қазақ сыныптарында «Төрлетіңіз, Алтын күз!» атты онкүндік басталды. Осыған байланысты әр кезеңде мұғалімдердің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Жиында оқушыларды үлкен іс-шараның басталуымен құттықтап, өткізілу жоспарымен таныстырылды. Онкүндіктің әр күні белгілі бір пәндерге бөлінді. Оқушыларға осы күндері өздерін белсенді, шығармашыл, шебер, қиялшыл екендерін көрсете білулеріне жігер берілді. Онкүндікте оқушылар белсене қатысып, жақсы жетістіктерге жетулеріне ұстаздар қауымы СӘТТІЛІК тіледі.

2017 жылдың 11 қазанында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте жазушының ұлы Қасым Сырбайұлы Мәуленовпен кездесу өтті. Кездесу барысында мейман биыл мектепте Сырбай Мәуленовке арналған мұражайда болды.Мектептегі өзгерістер мен жаңалықтармен хабардар болды. Қасым Сырбайұлы бірқатар мұғалімдер мен оқушыларды жазушының 95-жылдығына орай өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтқанда, бастауыш орыс сынып мұғалімдері Балабекова Айман Темиркеевна мен Траксель Галина Владимировна марапаттарға ие болды.

№3 мектеп - гимназиясында ағылшын тілінің онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Who knows English best?» сайысы өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны