Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.10.2017

№84 мектеп-лицейінің 4-сыныптары арасында сыныпішілік «Күз ханшайымы» сайысы өткізілді

Қыз балаларды көркемдікке баулып, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыта отырып көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс шараға 4-сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар тапқырлыққа құрылған тапсырмаларды орындап, би билеп, ән салды.  Сонымен қатар өнерлі аруларымыз ерекше үлгідегі өз қолдарымен жасаған  күз бейнесін сипаттайтын арнайы көйлектерін  жарнамалап, жаңа қырыннан көрінді. «Күз ханшайымын» таңдауда сыныптағы ер балалардың ата-аналары атсалысып, сыныптың барлық ата-аналары мен оқушылары жұмыла қатысты. Бұл оқушылардың дамуына, бір-бірімен жақсы қатынаста болуына, сонымен қатар сынып жетекші мен ата-аналардың бір-бірімен тығыз байланыста болуына зор ықпал етті.

13.10.2017

13.10.2017 күні №54 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлауы болып өтті

13.10.2017 күні №54 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлауы болып өтті. Мектеп президенттігіне үміткерлер алдын-ала өздерінің бағдарламаларын дайындап, мектеп өміріне жаңа серпін енгізу үшін ұсыныстарымен оқушыларды таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

13.10.2017

Күз ғажайыбы

Мектебімізде күз мерекесіне орай «Күз ғажайыбы»  байқауы өтті.  «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға 5-10 сыныптар қатысты. 5-сыныптар ертегіден үзінді көрсету арқылы жарысқа түсті. Бас жүлдені 5 «Ә» сыныбының оқушылары жеңіп алса, І орынды 5 «А» сыныбының оқушылары иеленді. 6-7 сыныптар үш кезең бойынша жарысты. Топпен заманауи би билеп, күзгі сән үлгісі мен жеміс-жидектерден жасалған букет көрсетті. Әділқазылардың шешімі бойынша Бас жүлдеге 7 «А» сыныбының оқушылары ие болды.

13.10.2017

Роль Экспо-2017 для Казахстана

№3 мектеп - гимназиясында ағылшын тілінің онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында. 10-11 сынып оқушылары арасында «Роль Экспо-2017 для Казахстана» сайысы өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

13.10.2017

Жұлдызды сәт

12 қазан күні №3 мектеп – гимназиясында 1-4 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» байқауының хореография жанры бойынша іріктеу кезеңі өтті. Жартылай финалға өткен үміткерлерді құттықтаймыз!!! 1.Бақдәулет А.,Бақдәулет А. (1А сыныбы) 2.Аменова М. (1В сыныбы) 3.Рамазанов Альжан, Рамазанова Аружан (2А сыныбы) 4.Куанышева С. (2Б сыныбы), Камзенова С. (2В сыныбы), Каирбек Ж. (3А сыныбы), Жусамбекова А. (3Ә сыныбы-VIP тобы) 5.Байғара А. ( 2Г сыныбы) 6.Джумабаева М. (2Д сыныбы) 7.Абдуллаева Я. (2Д сыныбы) 8.Пайдкизе К. (2Д сыныбы) 9.Цой А. (2Д сыныбы) 2Д 10.Молдахметова А.,Сеитова Д.( 3А сыныбы) 11.Мазиев А. (3д сыныбы) 12.Зайцева П. (3д сыныбы) 13.Жаныбеков А.,Солодовникова В.,Муртазина Р., Сюзева В.,Рыхликова А.,Тельнова Э.,Головина А.,Айткожина К. (3Г-бишілер тобы) 14.Семенова А. (3е сыныбы) 15.Вебер К. (3е сыныбы) 16.Ахтаева А. (3е сыныбы) 17.Қадырбек А. (4а сыныбы) 18.Табарина А. (4г сыныбы) 19.Сайдарипова З. (4е сыныбы) 20.Бекенова А. , Нуржан А. (4д сыныбы)

12.10.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ғылыми - білім беру жобасының аясында

Қазан айының 27 сі  күні  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ғылыми - білім беру жобасының аясында, тарих пәнінің мұғалімі Мендесбаева Гулзира Жайлаубековна «Мәдениет саласының өзекті мәселелері» шеберлік сыныбын  өткізді.

12.10.2017

«Алтын күз» мерекелік тәрбие сағаты

Мектебіміздің 1-2 сынып оқушылары үшін 12-қазаннан бастап «Алтын күз» атты мерекелік тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  Күз мезгілінің тамаша табиғаты мен ерекше көрнісін сипаттап, балаларды әсемдікке, еңбексүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға ата-аналар қауымы да шақырылды. Барлық сынып ата-аналары өздерінің мектеп өміріне аса мол ілтипатпен қарайтындықтарын танытып, балалармен бірге белсене қатысты. Түрлі көкөністер мен жемістерден ерекше табиғат бейнесін жасап, өлең айтып, би де биледі. Сынып жетекшілерге бұл тәрбие сағаты оқушыларының жаңа қырын ашып, ұжымдастыруға мол мүмкіндік бере алды.

12.10.2017

«Күз келбеті – керемет»

Қазан айының 12-20 аралығында мектебіміздің 2-сынып оқушылары арасында күзгі табиғат бейнесін суреттеп, ең керемет құбылыстарды сипаттау сайысы ұйымдастырылды. Бала көзқарасындағы күзгі табиғаттың бейнесін салуда түрлі табиғи өсімдіктер мен сан алуан бояулар үйлесім тапты. Барлық сыныптар белсенділікпен атсалысып, өз еңбектерін сыныптастарымен бірлесе жасап,  суреттерінің мазмұнды болуына ерекше назар аударғаны байқалады. Негізінен екі турдан құралған сайыстың шарты бойынша 2-сынып оқушылары «Күз келбеті – керемет» тақырыбына сәйкес мазмұнды сурет салып, көрмеге ұсынды, ал екінші кезеңде сыныптар өз суреттерінің құрылымы мен мағынасын сипаттап, қорғады. Әділ қазылар алқасы ретінде шақырылған ата-аналар әділ төрелігін жасап, барлық сыныпты алғыс хаттармен мадақтап, үздік жұмыстарды марапаттады.

12.10.2017

Lesson Study біздің тәжірибемізде «Ең оңайы – еліктеу, ең ащысы- тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау» Конфуций

Lesson Study  біздің тәжірибемізде  «Ең оңайы – еліктеу, ең ащысы- тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау»   Конфуций

Астана қаласы №8 орта мектебінде  2017 жылдың қазан айынан бастап сабақты зерттеу әдісі  қарқынды түрде жүргізілуде.  Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім  жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту  мен  оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалымдер тобы қатысады. Сабақты зерттеу әдісі екінші циклында   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Н.Шинтаева 8 «Ә» сыныбына «New technologies in our life» тақырыбында сабақ жүргізуді қолға алса, Г.Ш.Шапиева , Ғ.Қ.Бижанова, Д.М.Бортанова, М.М.Ермағамбетовалар А.В,С деңгейіндегі балалар мен қатар сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді зерттеуге аса мән берілді.

Алдағы уақытта да сабақты зерттеу әдісі мектебімізде өз жалғасын табады.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны