Қазан айының 18-21 жұлдызы күндері 1-10 сыныптар арасында оқушылардың күз туралы білімін ұштау, кеңейту мақсатында «Күз-мереке,күз-береке» тақырыбында алтын күз мерекесі өтті. Сары алтындай сары күзді сарғая күткен оқушылар «Табиғат сыйы» көрмесіне ерекше дайындалған. Күз байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі екенін оқушылар түсінді. Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
№3 мектеп – гимназиясының 3 «Е» сынып оқушысы Вебер Камилланы «Vivat, Таланты!» сайысында Гран-при иегері атануымен құттықтаймыз!!!

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде орталық сайлау комиссиясының ұсынған пилоттық жобасы бойынша мектеп Президентін сайлау науқаны өтуде. Мектеп ғимаратында екі сайлау учаскесі орналастырылды. Әр учаскеде комиссия төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы және 8 комиссия мүшесі тағайындалды. Тәртіпке сәйкес сайлау комиссиясының төрағасы 8:00 де мемлекеттік ән ұран шырқап, жұмыс барысымен таныстырып, дүңгіршектердің бос екенін тексеріп, оны дауыс беру науқанына арнап бекітті. Төрағаның жауапты хатшысы комиссия мүшелеріне дауыс беру парақшаларын белгілі бір мөлшерде беріп, әрбір 15 минут сайын дауыс беру парақшаларын толықтырып отырады. Мектебіміздің бірінші қабатында дауыс берушілерге арнап, мерекелік концерт және жәрмеңке ұйымдастырылуда. Сайлау науқанының әділ өтуін бақылау мақсатында әр түрлі ұйымнан шақырылған бақылаушылар жұмыс барысын жіті бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар мектебімізге «Хабар», 24кz сынды каналдардан тілшілер келіп, кандидаттардан, дауыс берушілерден және комиссия төрағасынан сұхбат алып, жалпы сайлау науқанының өту жоспарымен танысты.

16 қазан - 20 қазан 2017 жыл аралығында «Жаңартылған білім бағдарламасы – сапалы нәтиже құралы» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында апталық өтті.

Жақында мектебімізде негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өтті. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ештанаев Жазыбек Опиұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім додасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы саны 300-ге жуық оқушы қатысып, білім сайысынан үздік шыққан 37 оқушы аудандық олимпиадаға жолдама алды.

Бүгін 81 "Astana English scholl" гимназиясының 5 "А" сыныбының оқушысы Дюсембаева Алуа 2 өнер мектебі ұйымдастырған "АСЫЛ МҰРА " ұлттық өнер байқауына қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Құтты болсын! Алуаны байқауға дайындаған ұстазы Қарлығаш Сталбекқызына үлкен алғыс білдіреміз! ЖАРАЙСЫЗДАР!
Отбасы мен мектеп қарым-қатынасы мәселелері бүгінгі жағдайда маңызды болып отыр, өйткені әр оқушының тұлға болып қалыптасуы, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесінің табысты болуы байланысты мектебімізде 21 қазан күні ата-аналармен «Отбасы мен мектеп ынтымақтастығын қалыптастыру жолдары» тақырыбында тренинг өткізілді.
№3 мектеп – гимназиясының 2 «Д» сынып оқушысы Абдуллаева Ясминаны «Togo» гимнастика мектебінің ашық чемпионатында ІІ орын алуымен құттықтаймыз!!!
18 қазан күні №3 мектеп гимназиясының мәжіліс залында 10 – сынып оқушыларына ҚР Жоғары әскери оқу орындары жайлы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ҚР аумағындағы әскери институттардың түрімен, оқу орнына түсу шарттары, офицер мамандығының келешегі жайлы таныстырылды.
17.10.2017ж. «Оқушылар Сарайында» арнайы техника көрмесі өтті, 15 адамнан тұратын студенттеріміз бен біздің колледждің аудандық инспекторымен бірге көрмеге қатысып, үлкен қызығушылық танытты.

2017 жылдың қазан айының 20 жұлдызында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігінің ашылу салтанаты мен қоса Халықаралық аспаздар күні атап өтілді.

«С русским языком можно творить чудеса ..»  атты орыс тілі мен әдебиет пәні апталығы

2017 жылдың 16- 25 қазан аралығында мектебімізде «С русским языком можно творить чудеса ..» атты орыс тілі мен әдебиет пәні апталығы өтті. Апталықтың ашылу салтанатын орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі Д.Е.Ноғайбаева жүргізді. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Т.Самуратова 2 «Ә» сыныбына «Моя семья и друзья» тақырыбында ашық сабақ, «Праздник книги» атауында сыныптан тыс іс-шараларды өткізді. Сондай –ақ бірлестіктегі басқа да мұғалімдер, атап айтар болсақ, Г.К.Аскарова , Л.Б. Абдыгужина, Г.Т.Ибраева, С.Э.Аманова, А.А.Нигматова , Г.Б.Жумагуловалар әр түрлі тақырыптарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарын өткізіп, орыс тілін оқытуда оқушылар қызығушылығын оята отырып, сабақта түрлі әдіс –тәсілдерді тиімді, ұтымды пайдалануда өз мақсаттарына жетті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны