Мектебімізде 18-23 аралығында бастауыш сынып оқушыларының табиғи материалдан жасаған «Арайлы алтын күз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

23.10.2017 жылы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігі аясында студенттер мен оқытушылар ұйымдастырған «Шеберлік жұмыс» көрмесі өткізілді.

С.Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп 2017-2018 оқу жылы бастауыш сыныптардың онкүндік аясында 2-4 сынып оқушылар арасында қазақ тілінен «Сауатты жаза біл» сайысы өтті. Осыған орай әр сыныптан бір оқушы қатысты. Тапсырма жас ерекшеліктеріне қарай берілді. Жұмыс параллель бойынша бағаланды. 2 «а» сыныбынан Бақтыбай Жұлдыз, 3 «б» сыныбынан Тұрсынбаева Кәусар, 4 «б» сыныбынан Тойбазарова Жанбота І орынға ие болды. Жүлдегерлер мақтау қағазымен марапатталды. Қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіре отырып, әрқашан жетістікке жете беріңдер дейміз!

«Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша №55 орта мектебінде 10 күндік іс-шараға жоспар құрылып, осы жоспар негізінде іс-шаралар жүргізілді.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
10.10.-18.10.17 аралығында 5-11 сыныптарда «Туған жер – елімнің мәртебесі» сынып сағаттары өткізілді.10.10.17 ж «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» тақырыбында Оралбаева Н.К. 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде мұғалім оқушыларға Елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауын айтып жеткізе отырып, оқушылардың өзіндік пікірін білу мақсатында, бір-бірінің ойын тыңдап, талқылап, пікір алмасып өзіндік пікірлерін ортаға салды. 12.10.17ж «Туған өлкеге саяхат» тақырыбында Тулегенова Д,Садыкова Ж,Конусова С «Тапқырлар мен білгірлер» сайысын өткізді.Сайыста оқушылар 4 топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жеңімпаз топтар марапатталды.13.10.17ж «Туған өлкемнің тарихы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Дүйсалиева А.А. 6- сыныптармен дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде әр оқушы Отаны, туған елі туралы мақтанышпен айта отырып, өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін жеткізді.16.10.17ж «Моя малая родина» тақырыбында Карбаева А.С.4 «Г» сыныбымен ашық сынып сағатын өткізді.Ашық сынып сағатында оқушылар өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен, әндерімен тартымды жеткізді.17.10.17ж «Край родной,навек любимый» тақырыбында Умбетова Д.Б. 8 «в» сыныбымен ашық сынып сағатын өткізді. Ашық сынып сағатында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды.Сынып арасында «Мақал құрау» ойыны, сөзжұмбақ ойындары ойнатылды.18.10.17ж «Достопримечательность и родного края» тақырыбында Казыкенова Д.С. 6 сыныптар арасында кіріктірілген сабақ өткізді.Сабақта оқушылар әр пәннен өздерінің білгірлігі мен тапқырлығын таныттып сабақ тарттымды, қызықты өтті. 19.10.17ж «Алтын ұям» тақырыбында Исаева Т.Ә. мектепшілік іс-шара өткізді. Бұл ісшарада жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын терең білуге, туған жерін қастерлеп, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында түрлі тапсырмаларды оқушылар белсенділікпен орындап шықты.
№55 орта мектепте Рухани жаңғыру жоспары бойынша 4- сыныптар арасында білімділер сайысы болып өтті. Сайыста оқушылар «Білгірлер», «Тапқырлар»,«Зерделілер», «Алғырлар» тобы болып бөлініп,топ аттарымен ұрандарымен өздерін таныстырудан басталды.
Сайыс «Кім білімді?», «Полиглот», «Ғажайып алаң»,«Кім тапқыр?», «Кім жылдам?» атты кезеңдермен өткізілді.
Оқушыларға әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Осы сайыста оқушылар ықыластығымен қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, туған қаласы туралы білімдерін және жылы лебіздерін көрсетті. Еліміздің ертеңіне деген сенімді, отаннына деген құрмет сезімдерін тереңдетіп, туған халқын, жерін сүюге тәлім алды. Ойын кезеңдерінде қаламыздың экономика, мәдениетке, саясатта жеткен жетістіктері туралы ойын жетік көрсете білді. Бұдан жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.Сайыс соңында әділ қазылар қорытынды бойынша мараппаттады. Бас жүлде 4 "А" сыныбы ,1- орын 4 "Б",2 -орын 4 "Ә",3- орын 4 "В" сыныптары жеңіп алды.

Ұстаздар күні қарсаңында біздің мектепте “Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Мектеп кіре берісінде әдеттегідей кезекші мұғалімдер мен директор орынбасарлары емес, тек оқушылар ғана тұрды. Келген мұғалімдерді қарсы алып тұрды. Дайындық сондай қызықты болды, оқушылар көптеген мәселелер мен тапсырмалар орындауға тырысты. Оқушылар өздері беретін сабақтардан пәндерді таңдап, сабақ кестесін құрастырып, лауазымдарды бөлді. Ұзақ тосқан күн де келді. Мұғалімдер мен оқушылардың қолдауы және сабаққа тиянақты дайындалғандықтан сабақтардың барлығы “жақсы” мен “үздік” деген бағаларға ие болды. Өткізілген “Өзін-өзі басқару күні” шарасынан кейін оқушылар ересек адамның өмірі қиын екенін түсінді. Оқушылар тапсырылған шараға деген жауапкершілік сезініп, мектептегі оқу үдерісінің кез-келген істеріне араласып, барлығын қадағалап жүрді. Осы күні оқушылар үшін қызықты да қиын күндердің бірі болып саналды.

«Құқығым бар» семинар –тренингі

2017 жылдың 23-25 қазан айы аралығында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Құқығым бар» семинар –тренингіне мектебіміздің мақтанышы, ұланбасы 8 «А» сынып оқушысы Оралбаев Ербол қатысты. Ол «Рухани жаңғырудың» мәдени құндылықтары мен бала құқығы туралы рухани азық ала отырып, сертификат иеленді.

Семинар – тренинг маңыздылығын ескере отырып Ербол мектеп оқушыларына «балалар мен жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, ұлттық және халықаралық заңнамалармен таныстыру»жұмыстарын жүргізуді белсене түрде бастап кетті.

С. Мәуленов атындағы №37 орта мектепте бастауыш әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 11-21 қазан аралығында «Төрлетіңіз, Алтын күз!» атты онкүндік өтті. Әр күн белгілі бір пәнге бөлініп, соңында нәтижелері шығарылды. Математика күні «Роботтар әлемінде» әртүрлі материалдардан роботтар жасау, көрме ұйымдастырылып, ең үздік жұмыстар марапатталды. Әдебиеттік оқу күні «Жылдам оқып жарыста, сен ешкімнен қалыспа!» атты тақырыппен ең жылдам оқитын оқушыларды анықтады. «Сөз құдіреті» ақын-жазушылардың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу сайысы 2-3 сыныптар арасында өтті. Оқушылар дайындаған үзінділерін мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айтты. Әділқазылар алқасы І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен мадақтады. Дүниетану күні 1-4 сыныптар арасында «Күзгі Астана» фотоколлажы және «Күздің сыйы» жеміс-жидектерден композициясы дайындалып, көрме ұйымдастырылды. Денсаулық күні 1(орыс,қазақ) сыныптар арасында «Әкем, анам және мен –спортпен доспыз әуелден » отбасылық сайыс жоғары дәрежеде өтті. «Салауатты тамақтану мектебі» атты тақырыбында 3 (орыс,қазақ) сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектептің актзалында пайдалы, тартымды көрініс қойды. 23 қазанда онкүндіктің салтанатты жабылу жиыны өтті.

Әр іс-шараға белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Қарттар күніне орай №55 орта мектепте 9 сынып жетекшіісі Сандигул Жунісалиқызының ұйымдастыруымен "Қарттарым асылз казынам" атты мерекелік концерт откізілді. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Кашанда карттарымызга кұрмет көрсету біздің міндетіміз.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны