Меню KDT

Новости

Главная Новости

30.10.2017

Республикалық олимпиаданың І кезеңі (мектепішілік)

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің жоспарына сәйкес 28 қазан күні республикалық олимпиаданың І кезеңі (мектепішілік) пәндік өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталды.

30.10.2017

Әркім дайындай біледі

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының декада аясында, арнайы пәндер оқытушысы Касенова Г. С. ұйымдастыруымен, студенттер арасында «Әркім дайындай біледі» сайысы өткізілді.

30.10.2017

«Кәсіби бағдар және оқушы болашағы мен мамандығы»

Астана қаласы №59 мектеп-лицей қабырғасында «Кәсіби бағдар және оқушы болашағы мен мамандығы» айдарымен 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған  жиналыс өтті.

29.10.2017

«Қамқоршылар күні»

«Қамқоршылар күні»
Жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 29-шы қазанда  «Қамқоршылар күні»  мерекесі атап өтіледі .Осыған  орай халқымыздың қашанда өз қанынан тараған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен қоймай , өзгенің балаларын бауырына  салып жүрек жылуын аямайтын олар -   қамқоршылар. Біздің мектебімізде қамқоршылар күніне арналған  «Мейрімін  төккен асыл жандар атты»  сұхбаттасу шарасын өткізді . Ары қарай сұхбаттасу қамқоршыларға мейрімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында қамқорлығындағы балаларға мейрімділік, кішпейілділік ,бауырмалдыққа баулу және ортаға бейімдеу , баланы ары қарай дамытуға үлестері зор екендігі туралы айтылып сыйлықтар үлестірілді.

29.10.2017

Бастауыш сыныптарының арасында 1 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өткізілді

26 қазан күні бастауыш сыныптарының арасында 1 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өткізілді. Саптүзеу барысында тоқсан бойы оқуда, еңбекте, спортта озат болған оқушылар марапатталды. 1 ауысымның үздік сыныбы болып, 4 «В» сыныбы танылса,2 ауысымдағы сыныптар арасынан 2 «В» сыныбы озат деп танылды. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша өз сыныптарында үздік атанған оқушылар: № Сынып Оқушының ТАӘ 1 1А Кимранова Жансая 2 1Ә Сағатқызы Лаура 3 1Б Калашникова Мария. 4 1В Мхненко Кирилл 5 1Г Поплавский Даниил 6 1Д Рахматулина Амина 7 1Е Баруздина Софья 8 1Ж Кушнаренко Мария 9 2А Рамазанов Альжан 10 2Ә Бейсембай Айдын 11 2Б Қуанышева Сафина 12 2В Точиев Имран 13 2Г Байғара Адия 14 2Д Гергерт Алиса 15 2Е Мустафина Амина 16 3А Абетанова Дарина 17 3Ә Нұрахмет Нұрай 18 3Б Клепикова Эвелина 19 3В Абу Адия 20 3Г Казанкапов Арсен 21 3Д Мазиев Амир 22 3Е Вебер Камилла 23 4А Мейрамбекова Зинат 24 4Ә Атабек Жібек 25 4Б Нежинская Ксения 26 4В Хуссаин Айша 27 4Г Визе Мария 28 4Д Юн Лилия 29 4Е Утканова Айнур Құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жана берсін!

28.10.2017

"Күзгі қызықтар"

28 қазан 2017 жылы қазақ бастауыш сыныптар арасында "Күзгі қызықтар" атты сахналық қойылып іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты- оқушылардың санасына күз байлық, күз молшылық, күз шаттық, күз қуаныш екенін жеткізіп, оларды ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баули отыра жеміс-жидектерден түрлі бұйымдар жасатып үйрету, жыл сайынғы алтын күз мерекесін атап өту. Мереке барысында әр сынып сахналық көрініс көрсетті. Ата-аналар да бұл шараға өздерінің көмектерін берді. Барлық сыныптар мерекеге атсалыса қатысты. Мерекелік кеш соңында әр сыныптарға мадақтамамен марапатталды.

28.10.2017

Профилактикалық әңгімеле

24 қазан күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында мектеп мейірбикесі Қ. Ибрагимовамен мектеп инспекторы Э. А. Шауленова 8-9 сынып қыздары арасында жыныстық тәрбие тақырыбы аясында профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны