Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастыру үшін әр білім ошағы күш салу, өлкетану, экологияны жақсарту, қаламыздағы, еліміздегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға саяхат жасау мақсатында № 48 мектеп-лицейінде «Туған елге тағзым» атты кешенді жоспар жасалды. Тағылымды іс-шара Астана қаласының мұражайларының тарихи ескерткіштеріне саяхаттан басталды. 5-6 сыныптан оқушылары «Алжир» этномемориалдық кешеніне саяхатқа барды. Патриотизмнің ең басты үлгісі туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз.

2017 жылдың 8-қарашасында мектеп кітапханасында 10«Б» және 11«А» сынып оқушыларының қатысуымен Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Р.Б.Кусниева мен мектеп кітапханашысы - Т.О.Кутубаева аталмұш шараны жақсы ұйымдастырып, кітапхана ішін тақырыпқа сай безендіріп, қонақтарды жан-дүниені тебірентерлік өлеңдер оқу арқылы таңдандыра білді.

Іс шара автордың өмірі мен шығармашылығын еске түсіру мақсатында өткізілді. Автордың шығармалары тыңдалып, шағын бейнефильм мен презентация дайындап оқушылар қонақтарға жеткізе білді. Кеш М.Цветаеваның сөзіне жазылған әндерді гитарамен шырқап, естеліктерін оқумен аяқталды.

Асық ату

2017 жылдың 7 қарашасы күні Астана қаласы №18 орта мектебінде асық атудан «Астана сақасы» халықаралық жекелей турнирі 2004-2006 жылдары туылған жасөспірімдер балалар арасында «Бес асық», «Бес тас» ойындары өтті. Мектебіміздің 6- сыныптары арасынан Кунтуриев Нурбол, Әділ Нұрсұлтан, Досбол Көркем сынды қатысып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Б. Мусилимов жетекшілік етті. Осы турнир қорытындысында 6 «Б» сынып оқушысы Әділ Нұрсұлтан ІІІ орын иеленді. Иегерге Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының президенті Е.Рахметов табыс етті.

Ел басының "Блашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында халықаралық көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Саха (Якутия) республикасынан келген қонақтар өз елінің ұлттық ойындармен таныстырды. Іс-шара Астана қаласы Нұр Отан партиясы Сарыарқа аудандық филиалының бірінші орынбасары Б.А.Алимгазина, Республикалық асық ату федерация сының вице- президенті Ж.С.Сабыржанов, Саха (Якутия) Республикасы В. Манчара атындағы ұлттық ойындар орталығының басшысы Надежда Николаевна қатысты.

3 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында Астана медицина университетінің интерн – дәрігерлері келіп, мектеп мұғалімдеріне қант диабеті жайлы дәріс оқыды.
Астана қаласында Республикалық «SportFest Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары нәтижесінде кіші футбол жарысына қатысып, командамыз І орын алды. Команда мүшелеріне арнайы сыйлықтар табыс етіліп, дипломмен марапатталды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, биіктен көрулерін тілейміз.

5 қараша күні қалалық оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасынан дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық əлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында өткен "LAULA-2017" Халықаралық шығармашылық байқауында эстрадалық əн номинациясы бойынша жүлделі 2- орынды иеленген 81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL" гимназиясының 1-сынып оқушысы Ержанова Адина мен жетекшісі Карашаева Гүлмира Қуандыққызын жеңістерімен құттықтаймыз!
3 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында №2 дәстүрлі педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жан жақты талқыланды. «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» - деп елбасымыз айтпақшы, енгізілген жаңартылған оқу бағдарламасы барысында мектеп ұстаздары тап болып жатқан қиындықтар мен оларды шешу жорлдары жан жақты қарастырылды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары И.Ф. Ахметова, Г.К. Ускембаева және Б.О. Кипшакбаева 1 тоқсанның қорытындысы бойынша есеп берді.
"Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық "Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы" ән байқауында 1 орынға ие болған 6 сынып оқушысы Мерекеев Мертайды құттықтаймыз! Жетекшісі: Кудерина Жанар Ағзамовна.

Үстіміздегі жылдың қазан айының 22 жұлдызында Астана қаласында өткен І Халықаралық «ART GLOBAL» өнер конкурс-фестивалінде 6 сынып оқушысы Сүйіндік Жанат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, лауреат атанды. Жетекшісі Кудерина Жанар Агзамовна. Құттықтаймыз!

6 – 13 қазан күндері мектебіміздің мәжіліс залында Астана медицина университетінің интерн – дәрігерлері келіп, 6,8,10,11 - сынып оқушыранына қант диабеті жайлы дәріс оқыды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны