Бүгін №81 "Astana English school" гимназиясында мектеп президент сайлауы болып өтті. Сайлауға 8 үміткер түсті. Олар: 10 "А" сынып оқушысы Нурмағанбетов Ерасыл, 9 "А" сынып оқушылары Отарбекова Аружан, Джундыбаева Тимеа, Болат Мұрагер, Сейтенова Жанель, 9 "Ә" сынып оқушылары Кульдиков Бақтияр, Сакенұлы Ислам, 8 "Ә" сынып оқушысы Байдұлла Шұғыла.
Гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы мектеп президентін сайлау рәсімімен құттықтап, бұл қызметтің өте жауапты екендігін, мектептің барлық шараларына қатысып, үлкен жауапкершілік алатындығын атап өтіп, үміткерлерге жеңіс тіледі.
Тағы бір жеңіс. Мектебіміздің 9-сынып оқушы Пернебаев Санжардың жобасы бүгінгі өткен Республикалық Ұлттық Инновациялық жобалар олимпиадасында үздік 10 жобаның құрамына енді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп түскен 200 жобадан іріктеліп 20 жоба финалға жолдама алған еді. 20 жобаның үздік ондығына менторлық куәлік берілді. Яғни, Санжарымыздың жобасы осы жылы қаржыландырылып, іс жүзіне асады. Санжардың бұл жобасы - еліміздегі экологияны түзеудің бірден-бір тиімді шешімі деп сенеміз. Осындай шәкірттерге жетекшілік етіп жүрген - Жумагатова Гүлсара Габдуалиқызы.
«Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

Мектебімізде 2017 жылдың 15-16 қарашасы аралығында І-ІІ ауысымда «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында сынып жетекшілер : «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мемлекет басшысының мақаласын ауқымды түрде талқылай келіп, отбасындағы рухани құндылықтарға айырықша мән берілді. Әрбәр сыныптың жиналысына қатысқан мектеп басшысы А.А.Мухаметжанова «Әрбір оқушының бойында тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын мұғалім – оқушы- ата-ана тарапынан үзілмес үндестік болуын баса назарда ұстауымыз қажет.»,- деді . Рухани жаңғырудың даңғыл жолына қадам басып, бейбіт заманда жаңартылған білім мазмұнынан терең түсінік алған ата-аналар легі өз ризашылықтарымен бөлісті.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұйымдастырған «Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі» атты ОҚО, Арыс қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өз тәжірибесін таратып, білім саласының үздік педагог қызметкерлері ретінде танылып дипломмен марапатталуларымен мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы құттықтайды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны