Бүгін Астана қаласы №48 мектеп-лицейде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. "Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары" тақырыбындағы конференцияға белгілі алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан және алгебра, геометрия кафедрасының оқытушысы Абдрахман Сапарұлы қатысты.

Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты тізіліс өтті. Мәртебелі мерекеде құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шабкеноваға берілді. Біздің де оқушыларымыздың арасынан ел басқаратын азаматтардың көптеп шығатынына сенім білдірді. «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» акциясы 4-7 сынып оқушыларының флешмобымен басталды.

2017 жылғы 31 қазан күні «Рухани Жаңғырту» Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қырқыншы станциясы Десант-шабуылшылар 65668 әскери бөлім аумағында Астана қ. Білім басқармасы, Астана қ. қорғаныс істері жөніндегі Департаменті, Астана қ. «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен Астана қаласының колледждері және жалпы білім беретін мектептері арасында «Жаужүрек мың бала» қалалық әскери-патриоттық ойындар өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша №3 мектеп-гимназиясы жалпыкомандалық ІІІ орынға ие болды. Команда құрамы: Маканова Ляззиза 9б, Бірлік Диас 10а,Каржаубаев Ануар 10а,Какимов Әдил 10а,Еркінұлы Ағзам 10а, Горковенко Вячеслав 10б, Пискунов Егор 10б,Фанина Анастасия 10б, Михайленко Иван 10б. Жетекшісі: Камышев Г.К.
9 қараша күні 8 «Б», 8 «В», 8 «Г», 8 «Д», 8 «Е» сыныптары Астана қаласының М. Горький атындағы театрда «Өте қарапайым оқиға» қойылымын тамашалады.
11 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының барлық сыныптарында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
17.11.2017ж. мектебімізге Астана қаласының Медициналық Университетінің студенттері келіп "Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, АҚТҚ-жұқпасының және өзге де қоғамға зиянды әдеттердің алдын алу" тақырыбында семинар өткізді. Қоғамдағы темекі шегу, спирттік ішімдікке салыну, есірткі қолдану сынды әдеттердің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген іс-шараның маңызы зор болды. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені білгенімен, қарапайым иістерге әуестіктің өзі осы зиянкестерге жетелер жол екенін тани алмайтынын ескере келе бейнеролик ұсына отырып, сауалнама арқылы танымдық шараны тиімді ұйымдастырды.

17.11.2017ж. мектебіміздің кітапханасында 5 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Кейворд гексагон» ойыны өтті.
Оқушыларға алдын ала А.Погорельскийдің «Черная курица или Подземные жители» атты шығармасын оқу беріліп, оқыған шығарма мазмұнына сай ойын ұйымдастырылды. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, шығарманы кілттік сөздер арқылы талқылап, «Кілттік сөздің алтыбұрышын» құрастырды.

Халықаралық «Қазақстан Раушандары» хореографиялық өнер фестиваль конкурсында 1 орын атанған №3 мектеп-гимназиясының «Наурыз» би ансамбілін құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жана берсін!
№3 мектеп – гимназиясының 5 «А» сынып оқушысы Ғабит Әбілмансұрды «Pro football» кубок турнирінде 2 орын алумен құттықтаймыз. Еңбегің жана берсін.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны