Меню KDT

Новости

Главная Новости

21.11.2017

«Алтын ұя мектебіме 10 жыл!»

Мектеп кітапханасында «Елорда мерейтойынан мектеп мерейтойына», «Алтын ұя мектебіме – 10 жыл» атты көрме жасалып, мектеп оқушылары мен мұғалімдері назарына ұсынылды.

21.11.2017

«БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ» Зияткерлік сайысы

20 қарашада 9 қазақ сыныптары аралығында «БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ» Зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу, мектеп заңдарына бағынуды үйрету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жауапты 9«Ә» сынып жетекшісі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы. Жүргізушілер 9«Ә» сынып оқушылары болды.  Сайыс Ү кезеңнен тұрды. 1-кезең: топтардың өздерін таныстыруы. 2-кезең: "Ойды аяқта". Барлық топқа ортақ, мақал-мәтелдің жартысы оқылды, ал қатысушылардың міндеті сол мақалдың екінші жартысын тауып, жалғастыру еді. Ойлануға 5 секундтан артық берілмейді. 3-кезең: «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 4 сұрақтан қойылады, қатысушылар сұрақтарға мейлінше тез және нақты жауап беруі тиіс. 4-кезең:  "Заң сөйлесін" кезеңінде әр топ өзіне берілген тақырыпты заң жүзінде түсіндіріп, қорғай білді. Ойлануға, топ арасында талқылауға 3 минут берілді. 5-кезең:  "Ашық микрофон" кезеңі әр топқа өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік берілді. "Өз құқығымды білемін, басқаның құқығын құрметтеймін" тақырыбына байланысты әр топ өз ойларын білдіре алды. Сайыста І орын иеленген 9«Б» сыныбы, ІІ орын 9«В» сыныбы, ІІІ орын 9«И» сыныбы. Сыныптар арасында ерекше ат салысып жақсы қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздарымен мараппаталды. Сайыс соңында 9«Ә» сынып оқушысы Балгожин Рамазан «Мен, сен - бәріміз» әнімен аяқтады.

21.11.2017

«17-қараша- студенттер күні»

2017 жылдың 16 қарашасында «17-қараша- студенттер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында,  техникалық және кісіптік білім беру оқу орындарының арасында MEGA Silk Way СО-да «Жастар фестивалі» өткізілді.

20.11.2017

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

Дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясының тарих пәні мұғалімі Касенова Шынар Слямкановна Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасында «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбында «Сөз құдіреті, Елбасының «Жылдар мен ойлар» жинағына шолу » тақырыбында  8 «А» сынып оқушыларымен ашық сабағын  ұсынды.

20.11.2017

«Жайдарман КВН фестивалі»

2017 жылдың 18 қарашасында студенттер күніне орай Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының бастамасымен,  «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында,  техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында  «Жайдарман» фестивалі өткізілді.

20.11.2017

Cтуденттер қатарына қабылдау

2017 жылдың 17 қараша күні  колледжіміздің акт залында  арман қуып, білім іздеп келген жастарды салтанатты студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді.

20.11.2017

Оқушылар зиялы қауым өкілдерімен танысты

Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерекесіне арнап оқушылар үшін таңертеңнен бастап  салтанатты жиындардан басқа бала ақындармен кездесуге арнайы қонақ ретінде келген зиялы қауым өкілдерімен танысты.

20.11.2017

Самғатқан сан қыранды Алтын ұям. Біздің Мектепке 10 жыл!

Бүгін, яғни қараша айының 20 күні біздің білім ордамыз №59 мектеп-лицей 10 жасқа толып отыр. Сынып оқушылары белсенді дайындалып, қызығушылық танытты. Сынып сағатын мемлекеттік гимнмен бастап, ары қарай жоспарланған сценариймен өрбіді.

20.11.2017

Алтын ұя мектебіме 10 жыл!

Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойын асыға күткен мектеп ұжымы мен оқушылар  2017 жылдың қараша айының 20-жұлдызында салтанатты жиындар таңертеңнен бастап өткізілуде

20.11.2017

«Еңбек өмірдің тұтқасы ,тіршілік көзі»

13 қарашада  «Еңбек өмірдің тұтқасы ,тіршілік көзі» атты сынып сағатында 7В және 9В сыныптары топтық жұмыстар арқылы  ешқандай  еңбек құралдарын пайдаланбай, ақ түрлі заттар жасауға болатынына көз жеткізді.Олар  өз ойларына  ерік беріп,  топтық жұмыста түрлі -түсті қағаздарды  жапсыру арқылы ой -қиялға ерік берді .Төменде сол сынып сағатынан көрініс.

20.11.2017

Экскурсия

14 қараша күні  7 В және  6 В сынып оқушылары сынып жетекшілері Байсалбаева Кулзия Копбосыновна  және Келісова Тоғжан  Жеңісқызымен Астана қаласының №2 өрт сөндірушілер  бөлімінде экскурцияда болды. Онда оқушылар өте қызықты мәліметтер алып қана қоймай , өрт сөндірушілерге арналған мұражайды да аралап қайтты. Төмендегі суреттерде сол саяхаттан  көріністер.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны