Меню KDT

Новости

Главная Новости

14.12.2017

«Еңселі елден – Мәңгілік елге»

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 26 жылдығы қарсанында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп желтоқсан  айының 14 күні мектептің оқу залында  10-11 қазақ –орыс сыныптары  арасында Елбасының «Болашаққа бағадар: Рухани жаңғыру» «Еңселі елден – Мәңгілік елге» атты тақырыбында  қалалық  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар  Білім басқармасы қоғамдық пәндердің әдіскеріӘмірғалиева Дайра Қайнемқызы, Мемлекет тарих институтының аға қызметкері Калиев Жабай Нурмакович, ЕҰУ тарих кафедрасының оқытушысы PhD докторы Кабылтаева Самал Казизовна, ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті Ибадуллаева Злиха Омербековна, ЕҰУ Еуразиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы Ахметшина Гульден Улихановна. Дөңгелек үстел мәжілісінде  Қазақстанның әл-ауқаты, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зиялылары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жағдайы: экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуал, қазіргі Қазақстанның жағдайы және ертеңге деген жастардың сенімі және т.б. мәселелер қаралды.

Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушылары  өз ойларын анық жеткізгенің, тарихи оқиғаларды тереңнен айта білгенің, мемлекеттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде талдағаның көрген қонақтар өз пікірлерін айтып, алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімдері  Алиева Ғ.Ш., Рахимжанова М.К.

14.12.2017

«Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – ең үздік мәдениет!» жыл сайынғы акция

№3 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – ең үздік мәдениет!» жыл сайынғы акция дәстүрге айналды. Барлық мектеп осы акциямен қамтылды. Мектепте 1800 оқушы, қатысқан 1230 оқушы және 742 ата-ана! СӨС бойынша 1-ші және 11-ші сынып оқушылары және ата-аналар жиналысында ата-аналар тестілеуден өтті. Оқушылар жарыстарға, би марафонына қатысты, плакаттар салды, тұсаукесерлер дайындады, үгіт барысына қатысты. Карате-кеокушинкай, көркем гимнастикадан СШ кәсіби спортшылардың көрнекі өнер көрсетулері ду қол шапалақпен бағаланды. Мектеп теледидарында мектептің жетекші спортшылары, ардагерлер туралы тұсаукесер және бейне ұсынылды: психолог Вишневская Людмила Антоновна – паралимпиадашылар арасында жүзу бойынша жетекші чемпион СШ, мектеп түлегі Бексолтан Жанибек – паралимпиадашылар арасында жүзуден ХКСШ чемпионы, Кучин Василий Николаевич ХКСШ, қызы біздің мектепте оқыған, ол кісі ардагерлер арасында шаңғы жарысынан – әлемде оныншы орында, мектептің барлық іс-шараларында белсенді қатысушы. Оқушылар біздің спортшылар туралы бейнені қызығушылықпен көрді және әсер алды... ерлер біздің қатарымызда өмір сүріп жатыр. Өткізілген акция оқушылардың қызығушылықтарын ұғыну үшін, мұғалімдерге – жаңа қазіргі заманғы сауықтыру әдістерін әзірлеу үшін, жоғары сынып оқушылары үшін зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылуда қолданылды. ФранческоТотти футболшы, әйгілі спортшы сөзімен аяқтағымыз келеді : - «Мың миля жол бір шағын қадамнан басталады …». Біздің мектепте өткен акция мектеп оқушылары үшін осы қадам болды, гимназисттер өз спорт және дені сау қадамдарын - мектептен бастап өтетініне сенеміз...

14.12.2017

«Журналға шыққан жұлдыздар»

«Алақай-балақай» журналының 5-6 нөміріне 2 «б» сынып оқушысы Шалқар Кәусардың  мақаласы жарық көрді.  Мақала «Жомарт күз» деп аталынған екен. Кәусар сыныбында өткен күз мерекесін мақтанышпен жазып, сыныптастарының талатын, ұстазы Гүлжамал Адехановнаның еңбегін бағалай жазыпты. Мектеп атынан Кәусардың талабына нұр жаусын дейміз! Ұстаз еңбегін бағалауға тәрбие беріп отырған ата-анасына мың алғыс! Кәусар сияқты кішкентай журналистеріміз көп болсын!

14.12.2017

ӨНЕРІҢ ӨРГЕ ЖҮЗСІН, АРШАТ!

Бүгін 81 "Astana English school" гимназиясының 2 "Д" сынып оқушысы Дюсембай Аршат "Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен қалалық "КҮМБІРЛЕГЕН ДОМБЫРА ҮНІ "байқауына қатысып, мадақтамамен марапатталды. Бұл Аршаттың алғашқы байқауы. Аршаттың алдағы күндері басқа да байқауларда бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол. Жарайсың, Аршат! Тек алға! Жетекшісі : Карлыгаш Сералиева

14.12.2017

Профориентациялық жұмыс аясында

14.12.2017 мектебімізде  Еуразия Ұлттық Университеті, механика-математика факультетінің ұстаздарымен кездесу өтті. Іс-шараға  10-11 –ші сынып оқушылары қатысты. Білім ордасынан келген қонақтар Тлеулесова А.Б.- іргелі математика кафедрасының  физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; Жуманбаева А.С.- механика-математика факультетінің декан орынбасары; Копышева А.К. - жылуэнергетика кафедрасының оқытушысы оқушыларға осы факультеттерде қандай мамандарды дайындайды туралы айтып шықты.

14.12.2017

№80 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік аясында мерекелік іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті.

14.12.2017

" Мен елімді сүйемін"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗГЕН " МЕН ЕЛІМДІ СҮЙЕМІН" АТТЫ БАЙҚАУҒА  МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП, ДАРЫНЫМЕН КӨЗГЕ ТҮСКЕН Кәрім Інжу Ерсайынқызы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
ЖЕТЕКШІСІ Кабдолдина Салтанат Жәнібекқызы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін АЛҒЫС ХАТҚА ие болды. ЖАРАЙСЫЗДАР!!!

14.12.2017

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат, Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

14.12.2017

«Рухани жаңғыру және Алаш қозғалысы» атты әдеби-сазды кеш

Мәңгілік Ел идеясымен сабақтасып жатқан Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Осы орайда мектебіміздің салтанат залында «Рухани жаңғыру және Алаш қозғалысы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Оқушылар Алаш қайраткерлерінің өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Кеш барысында Ахмет Байтұрсынов пен ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Жиналған қауым мектебіміздің оқушылары қойған  «Міржақып» спектаклінің бейнежазбасынан үзінді тамашалады.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны