Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.12.2017

«Үздік оқырман»

Қазан айының 23 мен қараша айының 23 аралығында №84 мектеп-лицейінің 2-4 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман» шеруі өтті. Оқушыларды кітап оқуға, әдеби тілде сөйлеуге жетелеп, тіл байлықтарын арттыру мақсатында өткізілген шеру 23-қараша аяқталып, параллель сыныптардағы ең көп оқыған сыныптар мен оқырмандар бойынша ең үздіктер  анықталып,  3-желтоқсан күні салтанатты түрде қортындыланды. Оқырмандар кітаптарды оқып қана қоймай, өздерінің сүйікті ертегілерінен қойылым көрсетіп, достарымен бөлісу мақсатында кітаптарын көрмеге қойып, өз әсерлерімен бөлісті.
Шеру қортындысы бойынша 2 сыныптарда барлығы - 295 оқушы, 3 сыныптарда – 232 оқушы, 4 сыныптарда – 183 оқушы белсенділік танытқан. Аталмыш оқырмандар арасынан ең көп оқып, үздік болған 69 оқушы   марапатталды. Бұл шеру бастауыш сыныптар апталығымен тұспа-тұс келіп, айрықша іс шара ретінде оқушылар мен ата-аналарға үлкен әсер қалдырды.

15.12.2017

«Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!»

Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай  концерт ұйымдастырылды.  Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің экс депутаты - Бимендина Асима Тимкеновна құрметті қонақ ретінде қатысып, өзінің жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Көрермен ретінде қатысқан ата-аналар да мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтап, алғыстарын білдірді. Концерттік бағдарламада әр түрлі жастағы оқушылар  өз өнерлері арқылы еліне деген сүйіспеншіліктерін таныта білді. Салтанат залында Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған коцерт жас ұрпақтың бойындағы өз Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыра түсті.

15.12.2017

Патриоттық әндер байқауы

15.12.2017 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнініе орай мектебімізде патриоттық әндер сайысы өтті. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша І-орынды  8 «Б» сынып оқушылары, ІІ-орынды 9 «Ә» сынып оқушылары, ІІІ-орынды 9 «А» сынып оқушылары иеленді. Олар мақтау қағазымен марапатталды. Жарайсындар, еліміздің Жас патриоттары!

15.12.2017

Тәуелсіздік және Астана

Тарих пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі  Акетова Алия Балтабаевнаның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында  дебат ұйымдастырылды. Дебатқа Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты мен студенттері шақырылды.

15.12.2017

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық Қазақ Музыкалық Драма Театры

Мектебімізге Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық Қазақ Музыкалық Драма Театрының актерлері қонаққа келді.Олардың ішінде Қазақстанның театр және кино актері, Қазақтан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Қуандық Қыстықбаев, қазақ актері - Жанат Оспанов, қазақ актрисалары-Айшолпан Ыбыраева  мен Алтынгүл Серкебаева болды. Жоғарғы сынып оқушылары Қуандық ағамыздың «Сардар», «Человек-ветер», «Келін», «Жат» «Семь майских дней», «Бибол» киноларында бас рольдерді сомдағанын білді.2013 жылы түсірілген «Без права на выбор» атты фильмінде Халық Қаhарманы Қасым Қайсеновтың рольін сомдағаны жайлы айтылып, кинодан үзінді көрсетілді.Оқушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып,жауап ала алды.Кеш тарих пәнінің мұғалімдері-Жаханова Р.М. мен Акетова А.Б. және жоғары сынып оқушыларының басқаруымен өтті.

15.12.2017

МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚСТАН ЖАСАСЫН!

Бүгін №81 "Astana English school" гимназиясында еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Мәңгілік ел - Қазақстан жасасын!" тақырыбында мерекелік концерт болып өтті.

15.12.2017

«Мәңгілік Ел-тәуелсіздік тұғырым!»

Мектебімізде желтоқсанның 5-15 аралығында «Мәңгілік Ел-тәуелсіздік тұғырым!» атты тарих пән бірлестігінің онкүндігі басталды.Тарих пәнінің мұғалімі Жаханова Роза Мақұлбекқызының ұйымдастыруымен 10 «А» сынып оқушылары «Азаттықты аңсаған,Алаш арыстары» атты тарихи кеш өткізді. Кешке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің аға оқытушысы, Алаш танушы,тарих ғылымының кандидаты, доцент Сайлаубаев Ерлан Ерназарұлы шақырылды. Кеште оқушылар Алаш партиясы мен Алашорданың құрылғанына -100 жыл толуына байланысты,Алаш азаматтары жайлы құнды деректермен бөлісті.

15.12.2017

"Мектеп барысы-2017" құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» атты турнирінде Астана қаласы  мектептері арасындағы Ұлттық ойындар жарысында біздің де  мектебіміздің жас спортшылары олжалы болды.

15.12.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Мұқанова «Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалықтар» тақырыбында дәріс жүргізді.

15.12.2017

«Нәзік әуен» ансамблі І орын иеленді

Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын өткізілетін «Отаным – деп,  шырқаймын» атты патриоттық әндердің ХІІІ қалалық байқау-фестивалінде «Нәзік әуен» ансамблі І орын иеленді.

15.12.2017

16- желтоқсан Тәуелсіздік күні

16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5 «Е» сыныбында Қантбек Алтынай Дарханқызы «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!», 6 «Г» сыныбында Сыздыкова Балгуль Алпысбаевна «Тәуелсіздік шапағаты» атты тәрбие сағаттарын өткізді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны