Меню KDT

Новости

Главная Новости

17.01.2018

Жалпы білім беретін пәндер олимипиадасының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты

Бүгін жалпы білім беретін пәндер олимипиадасының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті. Қалалық кезеңге жалпы саны 923 оқушы қатысып, оның 363 оқушысы жүлделі орындар мен мақтау қағаздарына ие болды. Шара алдымен халықаралық құрама мүшелерін марапаттаумен басталды. Құрамада "Зерде" мектебінен 11-сынып оқушы Мейрам Серікболсын бар. "Зерде" мектебінің командасы жалпы саны- 35 жүлдеге ие болған болатын. Олардың ішінде 11 оқушы Қостанай және Атырау қалалырында наурыз айында өтетін Республикалық кезеңде Астана қаласының намысын қорғайтын болады.

17.01.2018

Педагогикалық кеңес

№81 «Astana English School» гимназиясында 13 қаңтар күні  «Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуда жаңа білім беру үлгісіндегі  қалыптастырушы бағалаудың маңызы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша, жеткен жетістіктер мен кемшін тұстар айтылып, мұғалімдердің рейтингісі айтылды. Гимназия директоры Г.Садыкова жоғары жетістікке жеткен  20 мұғалімнің еңбегін атап өтіп, ақшалай сыйақымен марапаттауға ұсыныс жасады.

17.01.2018

12.01.2018 жылы жалпы мектептік ата-аналар жиналысы болды және «Отбасы және балалар» атты тренинг өтті.

12.01.2018 жылы жалпы мектептік ата-аналар жиналысы болды және «Отбасы және балалар» атты тренинг өтті.

17.01.2018

«Елбасының Қазақстан халқына Жолдау талқыланды»

Астана қаласы № 52 мектеп- гимназия ұжымында «Елбасының Қазақстан халқына Жолдау талқыланды»
Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 9-ы күні Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты әдеттегідей мектебімізде педагогикалық кеңесте тыңдалып, талқыланды.  Іс-шараға мектеп ұжымы түгелдей қатысты.

17.01.2018

Баскетбол сайысы

20 қараша мен 14 қаңтар аралығында Есіл ауданы әкімдігі мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен баскетболдан қала біріншілігі өтті. Мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ауданда баскетбол спорт түрін дамытып, спортшылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.

17.01.2018

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

(Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар)
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  тақырыбындағы жолдауымен мектеп ұжымын  мектеп кітапханашысы Башаева С.Б таныстырды. Жолдауда көрсетілген 10 басымдыққа тоқталып талдап өтті.Мұғалімдер үшін жолдаудың  жетінші басымдығында көрсетілген «Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбындағы  бөліміне ерекше назар аударды.

17.01.2018

«Ұстазы дарынды болса, шәкірті жалынды» болар

«Ұстазы дарынды болса, шәкірті жалынды» болар,

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы демекші, мектеп мақтанышымыздың бірі – Алькенова Зарина 9 «А» сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиадада  I орын, аудандық  олимпиадада  II орын, қалалық  олимпиадада   III орын иеленді. Пән мұғалімі Разакова Айгуль Кумисбековна .

17.01.2018

«Алжир» саяси қуғын-сүргін және тоталитарзм құрбандары мұражай - мемориалдық кешеніне апарды.

2017 жылдың қазан айының 7 –сі күні тарих пәні мұғалімдері:Мендесбаева Г.Ж және Байдилдаева Д.К.  7,8,9 сынып оқушыларын ұйымдастырып, жалпы  барлығы 40 оқушыны  «Алжир» саяси қуғын-сүргін және тоталитарзм құрбандары мұражай - мемориалдық кешеніне апарды.

17.01.2018

«Зерделілер» интеллектуалдық сайысы.

«Зерделілер» интеллектуалдық сайысы. Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясында.

Марапаттау сәті. Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуовна    Мектебіміздегі «Ақиқат» тобы ( Марқабай Жалғасбек, Смат Айсулу, Манапбаева Шолпан) 58 мектеп-гимназиясының  «Заманауи білім – кемел келешек кепілі» тақырыбындағы 10 жылдық мерейтойы аясында өткен  дебаттық  тунирине қатысып, «Белсенді топ»  номинациясымен  марапатталды.

Жетекшісі: Мендесбаева Гулзира Жайлаубековна

«Жас қыран » тобы (Жылқыбай Балнұр, Сагинов Руслан,Жақсылық Данияр)

«Жас математик» байқауынан   II орын иеленді.

Жетекшісі: Смаилова Гулдана Ажибаевна

16.01.2018

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ОНКҮНДІГІ

№ 84 мектеп-лицейде 16.01.2018 Математика, Физика және Информатика онкүндігінің ашылуы өтті. Ашылуы барысында іс-шараға қатысқан оқушылар, мұғалімдер онкүндік жоспарымен танысты. Декада ашылуын дайындаған оқушылар: 8 «б» және 5 «ә» сыныптары (сынып жетекшілері Аухади С.Б., Мұсатай Ү.Ш.).

9 «а» сыныбындағы физика сабағы онкүндігінің алғашқы іс-шараларының бірі болып шықты. Осы сабақтың ерекшелігі: ағылшын тілінде өткізіледі. Физика пәнінің ұстазы  Монтахаев М.Т. арнайы курсты үздік оқыған, ізденімпаз мұғалім.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны