Таяуда мектебімізде «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы, мектепте жүргізілген іс-шараларға тоқталды. Іс-шараға Астана қаласының Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі және №76 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығының аға әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы латын графикасы туралы өз ойымен бөлісті.

02.02.2018 жылы мектебімізде 4-сыныптар арасында «Бала Жамбыл» сайысы өтті. Оқушылар тек өлеңдерін айтып қана қоймай жан-жақты өнерлерімен де танылды.

Сталинград шайқастың 75 жылдығына орай Астана қаласындағы Ресей мәдени орталығы семинар ұйымдастырды. Сталинград шайқасы - екінші дүниежүзілік соғыстың басты шайқастарының бірі. Осы шайқастан кейін Қызыл Армия бүкіл майдан бойынша шабуылды бастады. Бұл шайқастың тарихын білу қазіргі ұрпақ үшін парыз.
Шайқастың 75 жылдығына орай Астана қаласындағы Ресей мәдени орталығы ұйымдастырған семинарға 9 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Исаева Алима Боранбаевна, тарих пәні мұғалімі Акетова Алия Балтабаевна қатысты. Семинар барысында біздің отандастарымыздың ерлігі туралы тың ақпараттардың беті ашылды. Оқушылар зор ықыласпен тыңдап, дәріс берушінің қызметіне дән риза болды. Осындай кездесулер оқушылардың патриоттық сезімдерін көтеріп, рух берері сөзсіз.

2 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында «Туған жер» жобасы аясында 84 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Акетова Алия Балтабаевнаның бастауымен 5 «Г» сыныбында «Сақ тайпалары» тақырыбында саяхат- сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар жас зерттеушілері ретінде патша қорғандарынан табылған баға жетпес тарихи құндылықтармен танысты. Оқулық беттерінен алған білімдерін толықтыруға мүмкіндік алған оқушылар аңдық стильде жасалған бұйымдарды, Алтын Зал, Берель қорғанынан табылған безендірілген жылқылар мен Алтын киімді адам сынды ерекше эуспонаттарды көріп ерекше әсер алғандарын жасыра алмады. Оқушылар үшін өте пайдалы әрі әсерлі сабақ болғаны сөзсіз.

№52 мектеп-гимназияның 9 «Г» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне орай «Елім деп соққан жүрегім» атты ашық сынп сағаты болып өтті.

Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану. Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы » атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтілуде.

Оқушылар мектепішілік өзін-өзі тану пәні апталығы мен қалалық «Қамқорлық» акциясы тұспа-тұс келіп, қос шара дүбірлі өтіп жатқанына риза болып, мейірімді болу бақыт екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақпан айының ызғарлы күндерін журек жылуымен шуақтандыру мақсатында «Жақсылық жасауға асығайық!» атты қайырымдылық пункты ашылып, балалар өздерінің ізгі ниеттерін танытып, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға арнап оқу құралдары мен ойыншықтар тарту етуде. Сонымен қатар оқушылар мектеп ата-аналары мен жұмысшыларын және өздерінің сүйікті ұстаздарын мейірімге бөледі. «Жүректен жүрекке» атты акция аясында бастауыш сынып оқушылары ата-аналарына арнап өз қолдарынан жүрек формасындағы ашық хаттарды сыйласа, орта және жоғарғы буын оқушылары сүйікті ұстаздарына және мектептің барлық қызметкерлеріне арнап жүрек формалы ашық хаттарын қуана сыйлады.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 1 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Траксель Г. В. оқушыларға Сара Алпысқызы Назарбаева туралы әңгіме жүргізді. «Жүрегіңде сабырлық сақта» жаттығуы өткізілді. Балалар онкүндікте болатын жоспарлармен таныс болды. Олар: ашық сабақтар, «Достық» еліне саяхат, «Жүректі мейірімге толтыр» атты сынып сағаты, «Сиқырлы пошта» ойыны, қолөнер сайысы, флешмоб және онкүндік қорытындысы.

Біз «Өзін-өзі тану» пәніне қызықты саяхатқа аттанамыз.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны