Меню KDT

Новости

Главная Новости

23.02.2018

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай акт залында 10-шы сыныптар арасында ерлік сабағы өткізілді

14.02.2018 ж. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай акт залында 10-шы сыныптар арасында ерлік сабағы өткізілді. Сабаққа ауған соғысының ардагері Аршкенов Ерлан Майшураұлы қатысты. Сабақ әңгіме, сұхбат, толғану түрінде өткізілді. Ауған соғысының ардагері Аршкенов Е.М. Ауғаныстан соғысындағы оқиғалар туралы айтып берді, тәжірибесімен бөлісті, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Ауған соғысының ардагері өскелең ұрапаққа бейбіт аспан, аға буынның жақсы дәстүрлерін мұра етуді, өз Отанының патриоты болуды тіледі. Сабақ соңында салтанатты түрде 10-шы сынып жасөспірімдеріне Астана қ. қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен әскери қызметке жарамды дәрежесі туралы тіркеу куәліктері тапсырылды.

23.02.2018

ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫ

23.02.2018 ж. Ұлттық мұражайда № 84 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі М.А. Унербаева мен Ж.А. Сейтканованың қатысуымен 7 «ә» сыныбында «Туған елімнің мәдениеті» тақырыбында Қазақстан тарих сабағы өтті. Халық өміріндегі материалдық мәдениеттің шаруашылықпен тығыз байланыстылығының маңыздылығын айқындау  мақсатында өткізілген сабақ оқушылар үшін тиімді болды. Еліміздің мәдени мұрасын өз көздерімен көріп, тікелей жұмыс жасау балаларға өте қызықты болды.  Сабақ «Туған жер» бағдаралама аясында өтті.

23.02.2018

«Жаныңда жур жақсы адам!»

«Алғыс күні» қарсаңында № 84 мектеп-лицейінде 6 сынып оқушылары арасында «Жаныңда жур жақсы адам!» тақырыбында әскері ардагерлермен ұлағатты ұстаздардың қатысуымен сынып сағаты өтті. Кездесу балалар үшін мол тәлім-тәрбие мен тарихи жаңалықтарға толы рухани мұра болды.

23.02.2018

"БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін 2018 жылдың 23 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде Еуразия ұлттық

23.02.2018

«Рухани жаңғыру-ұлт тарихындағы ұлы белес»

Астана қаласы Әкімшілігі мен  Білім басқармасының  бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  «Рухани жаңғыру-ұлт тарихындағы ұлы белес» тақырыбында ақпан айының 22-ші жұлдызы күні мектебімізде оқушылардың мәдени, рухани және дәстүрлі отбасы құндылықтарын насихаттап, жастардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген  Садықұлымен кездесу ұйымдастырылды. Тақырып аясында лекциямен қатар , латын әліпбиінің енгізілуіне орай түрлі тәжірибелік жұмыстар мен сөзтартыс шарасын қоса өткізді. Патриотизмнің ең басты үлгісі  туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек  алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз. Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруда  ұйытқы болып отырған Астана қаласы әкімшілігіне, Білім басқармасына,Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдіреміз.

23.02.2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы дәріс

Мектебіміздің мәжіліс залында 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен дәріс өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық факультеті, түркология кафедрасының докторанты Алашбаева Жанна Нурлановна «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы баяндама жасады.

23.02.2018

«Астана – елімнің жүрегі» тақырыбындағы тәрбие сағаты

Бүгін   мектебіміздің кітапханашысы Есилова Сауле Жақсылыққызы 3 «Г» сынып оқушыларымен  Қазақстан  Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Астана – елімнің жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.  Кітапхана қызметкерлері  Гүлшат Махамбетжановна оқушыларға кітап қорлары туралы қызықты да таңғажайып әңгімелер айтып берді.

23.02.2018

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында

Бүгін №74 мектеп- гимназиясында Астана қаласы Білім басқармасы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8,9,10-сынып оқушыларына "Ұлттық код және туған жер" тақырыбында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шәріп Амантай Жарылқасынұлы дәріс оқыды. Дәріс барысында туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтіп, туған жерді сүю, Отанды құрметтеу сезімдерін оятты.

23.02.2018

«Мен өз елімнің патриотымын»

20 ақпан күні Кадет сыныбында «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.Кадеттер сабаққа белсене қатысып,өз ойларын ортаға салды.Сынып сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусатаева Науат Шаяхметовна өткізді. Сабаққа мектеп директоры Досмагамбетова Қарлығаш Тортаевна қатысып, өз пікірін білдірді.

23.02.2018

Отан отбасынан басталады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Отан обасынан басталады» атты республикалық жобалар байқауына мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Гылымбекова Айгерім Советбекқызы қатысып, жүлделі І дәрежелі диплом иегері атануымен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз.

22.02.2018

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 22.02.2018ж  9-11 сынып  оқушыларымен бірге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих ғылымының кандидаты  - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлымен кездесу өтті.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны