Мектебіміздің мақтанышы, 3 «В» сынып оқушысы Табарина Екатеринаны Париж қаласында өткен «Paris, je t’aime» конкурсында 1 орын алуымен және Санкт – Петербург қаласында өткен «Салют талантов» байқауының суперфиналына өтуімен құттықтаймыз! Жұлдызың жана берсін!
Астана қаласы Білім басқармасы мен ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасы ұйымдастыруымен өткен қалалалық дебат турнирінде оқушыларымыз Өкскбаева Айзада, Құлыбек Ажар, Ақшабақова Меруерт ІІ дәрежелі дипломға иеленді.

Бүгін 2018 жылдың 7 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы

2018 жылдың 7-ші сәуірінде Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектебінде «Білім берудегі инновация – табысты мектептің кепілі» атты қалалық семинар өтті. Семинарда 6 мектепішілік кластер жұмысы көрсетілді: «Білім беру мазмұнын жаңарту», «НЗМ менеджментін енгізу», «Көптілді білім беру», «Дарындылар және таланттылар», «IT-технологиялар», «Ата-аналармен ынтымақтастық». Кластер жетекшілері шақырылған мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен тәжірибелік сабақтар өткізді.

«Бірлесу – білім беру мазмұнын жаңарту және оқу үдерісінің нәтижесін арттырудағы бағыттардың бірі» тақырыбы бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту» кластерінің жұмысы қазақ және орыс тілінде оқытылатын 2 топта өткізілді. Сыныптарда жаңартылған бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер біріктіруде пайдалану үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардағы әртүрлі тәртіптегі мүмкін болатын тақырыптарды бекітті.

«НЗМ менеджментін енгізу» кластері «Бірізділік – 4-5-ші сынып оқушыларының білім сапасын арттыруды қамтамасыз ету жағдайы ретінде» тақырыбы бойынша Lesson study тобының жұмысын көрсетті. 4-5-ші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін әдістемелік ұсыныстар ойлап табылды.

Информатика, физика, биология, химия мұғалімдері үшін мектепішілік «Көптілді білім беру» кластері жақсы жәрдем болып табылады, сондықтан да кластер жұмысын ағылшын тілі мұғалімдері басқарады. Мұғалімдер семинарда жоғарыда айтылған пәндер бойынша CLIL-дің негізгі әдістерімен және амалдарымен танысты, CLIL технологияларын қолданудағы тапсырмаларды жетілдірді.

«IT-технологиялары» кластерінің жұмысы да қызықты болды, әртүрлі пән мұғалімдері, тіпті бастауыш сынып мұғалімдері видео (бейне) жазуға, монтаж жасауға машықтанды, видео әзірлемелерінің негізгі дағдыларын, «Үй жаттықтырушысы» тұғырнамасына арналған қорларды құруды үйренді.

Кез келген мектеп өзінің дарынды балаларымен мақтанады. «Дарындылар және таланттылар» кластерінің жұмысы пікірталас түрінде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Пікірталасқа 37, 30, 28, 18, 48 –ші мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Осы сайыстағы төрешілік үшін №5 және №47 мектеп оқушыларына рахмет айтамыз. № 28 мектеп оқушысы Бержицкая Дарья және № 37 мектеп оқушысы Райхан Ардақ ең үздік спикерлер болып тандалды.

Мектеп жұмысын ата-аналардың қатысуынсыз көрсету мүмкін емес. Семинарға ата-аналар, №18, 22, 30, 47, 79, 28, 37 мектептердің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылды, «Отбасы тәрбиесі – жеке тұлға әлеуметінің табысты факторы» мастер-класс жұмысында белсенділік танытты. Осы кластердің ең табысты қатысушысы № 28 ОМ құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңесінің мүшесі Авдеев Андрей Леонидович болып табылды.

Семинар жұмысында «НЗМ менеджментін енгізу» кластеріне кіретін: №3,5,18,22,28,30,36, 41,47,59,65,76,79,81, 37 мектеп педагогтары, сонымен қатар ФМБ НЗМ белсенді қатысты. Әрбір кластерде ең табысты оқушылар таңдалды, алғыс хаттармен марапатталды. Семинардың сарапшысы және кеңесшісі Астана қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығының мектеп бөлімінің меңгерушісі Нурланова Ботагоз Сериковна, ПШО жаттықтырушысы Мукутов Талгат Кенжебекович, «ФМБ НЗМ» ТЖ бойынша директордың орынбасары Иманбекова Эльмира Куатбековна, «Global Grand» ОО директоры Шингужинова Тлектес Сайхатановна, «Ғылыми-енгізбелік орталығы «Білім беру технопарк» ЖШС жаттықтырушысы Фазылова Тлектес Омуровна болды.

«Білім берудегі инновация – табысты мектептің кепілі» қалалық семинары сәтті өтті, Астана қаласы мектептерінің өзін-өзі басқару мүшелерінен, ата-аналардан, педагогтардан, сарапшылардан жоғары баға алды. Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп ұжымы және директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы «Инновация арқылы жетістікке жету» миссиясына сәйкес өзінің жұмысын көрсете білді, себебі барлық инновациялық үдерістер мектепте енгізіледі, үнемі жоғары мақсаттар қойылады.

5 сәуір күні мектебіміздің 7 – 11 сынып оқушылары тәрбие жұмысының жоспарына сай М. Горький атындағы драма театрында «Наедине с Пушкиным» қойылымын тамашалады.
3 сәуір күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында Астана қаласы ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ инженері Рахымбаев Б.Е. 8 сынып оқушыларына мұз бетінде өзін өзі ұстау ережесі, мұздағы қауіпсіздік жайлы нұсқама жүргізді.
5 сәуір күні тәрбие жұмысының жоспарына сай 7 «А» сынып оқушылары жетекшісі Рахимжанова Салтанат Меиргазинамен бірге Астана қаласының ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары бөлімінде экскурсияда болды.
Астана қаласы №79 мл қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 6 -сыныптар арасында "Салт-дәстүрлерді білесің бе?" атты іс-шара өткізілді. Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету мақсатында өткізілген шараның ұйымдастырушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.

Бұл іс- шараның мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайда көмек көрсетуге, қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру

06.04.2018 жылы мектеп кітапханасында Астананың 20-жылдығы қарсанына байланысты іс-шара өткізілді. 1 «Е», 1 «З» сынып оқушылары белсенділік танытты.

20 наурыз күні 3 мектеп – гимназиясының 5-11 сыныптарында Наурыз мерекесі аясында спорт күні тойланды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны