7 cәуір күні Астана қаласы әкімдігі және Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Mega Silk Way» ойын сауық орталығында оқушылар арасында «Өртке жол жоқ» танымдық ойын-квесті өтті. Ойын барысында тапқырлық танытып, 1 орынға ие болған №3 мектеп – гимназиясының «Команда Б» 8 «Б» сынып оқушыларынан құралған командасын және жетекшісі Абуова Зәуре Қазбековнаны құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Жалалова Нурия ерекше жетістіктер көрсекені үшін Грамотаға ие болды. Жетекшісі: Сыздыкова Сауле Сериковна.
7 сәуір күні ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының жанындағы «Ақиқат» дебат клубының қалалық турнирі өтті. Турнирде жеңіске жетіп, Елбасы кітапханасының көшпелі кубогына ие болған №3 мектеп – гимназиясының «Леди и джентльмен» командасын және жетекшісі Миронова Мария Михайловнаны шын жүректен құттықтаймыз!
<span style="font-size:12pt;">2018 жылы 9 сәуірде №83 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес 5-11 сынып оқушыларына «Сенің қауіпсіздігің - сенің қолыңда» атты тәрбиелік оқыту сабағы өткізілді.</span>
№64 мектеп-лицейдің 7 «В» сынып оқушысы Қайратқызы Гүлім Алматы қаласында Нұрлы Жастар –өнер орталығы ұйымдастырған Республикалық «Нұрлы Жастар» атты өнер байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ұлттық өнеріміз бен туған жер тарихын танып, салт-дәстүрі мен мәдениетін ардақтап, шығармашылық жолда үздік өнер көрсеткені үшін
Астана қаласы № 79 мл қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 7 "Ә" сыныпта қазақ әдебиетінен М. Шаханов «Нарынқұм зауалы. Әке үкімі» тақырыбында дебат-сабағы өткізілді. Оқушылар тақырып көлемінде өз ойларын еркін ортаға салып, бір-бірімен пікірталасқа түсті. Пән мұғалімі Ақшолақова Л.Қ. дебат-сабағын жоғары деңгейде өткізді.
Астана қаласы №79 мл қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 11-сыныпта "Қазақтың ғалымдары" тақырыбы бойынша қазақ тілі сабағы өткізілді. Сабақта оқушылар қазақтың белгілі ғалымдары туралы білімдерін кеңейтіп, шығармашылық жұмыс орындады. Пән мұғалімі Бермаганбетова А.С. сабағы жоғары деңгейде бағаланды.
9 - сәуір күні мектеп кітапханасында Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай ұйымдастырылған апталық «Кітапханаға саяхат» атты экскурсия 1-сынып оқушыларының қатысуымен ашылды.<br />Мақсаты: балаларды әдебиеттер қорымен таныстыру, кітапхана ережелері туралы айтып беру, жүйелі кітап оқуға дағдыландыру.<br /><br /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news%202018/210.jpg" alt="" width="1200" height="1200" /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news%202018/211.jpg" alt="" width="1200" height="1200" /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news%202018/212.jpg" alt="" width="1200" height="1200" />
"ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ -ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА" қалалық педагогикалық олимпиадасының 3-орын иегері 81 "Astana English school" гимназиясының информатика пәні мұғалімі Көкетай Ажар. Жарайсың, Ажар! Əрқашан биіктен көріне бер!
6 сәуір күні Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлемнің қызықты жаңалықтары» атты қалалық жас зерттеушілердің инновациялық форумы өтті. Форумның мақсаты әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізу болатын. Форум аясында мектебіміздің оқушылары өздерін толғантқан әлеуметтік жобаларымен таныстырды. Төменде көрсетілген әлеуметтік жобалардың негізінде Астана қаласының «Жас Отан» Жастар қанаты филиалымен, "Меркурий и К" құрылыс компаниясымен, «АСТАНА - ЗЕЛЕНСТРОЙ»АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткіздік. Жоба авторлары мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны