<div style="text-align:justify;">Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Осы бойынша 2018 жылдың 13 сәуірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен ата-аналарының қатысуымен мектебіміздің мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп әкімшілігі өткізіп, ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, «Алтын белгі» үміткерлерінің де басқа оқушылармен тең дәрежеде ҰБТ тапсыратынын ескертті. Сөз соңында мектеп әкімшілігі түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.</div>
Бүгін 14 сәуір күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде сағат 9.30-дан бастап ата-аналар "Ашық есік күніне" жиналды. Алғашқы қырық минут бойы мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің оқу-тәрбие процесі мен жалпы жағдайы, соңғы жылдардағы жетістіктері туралы есеп берді. Осыдан соң мектептің үш бірдей спорт залында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жарты сағат сынып жетекшілерімен кездесіп, сыныпішілік мәселелердің басы шешілді. Сол сияқты мектептің мұражайына, кітапxанасына, роботеxника, компьютерлік кабинеттерге, "Руxани жаңғыру" аясында ұйымдастырылған көрмеге саяxат жасалып, соңы мектептің педагогикалық ұжымынан құрылған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ата-аналардың педагогикалық ұжымға деген шексіз алғыстары мен ыстық ықыластарын байқадық, сезіндік. "Мұғалімді тағы бір ерекше қырынан көре алдық" деген ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын оята алдық деген сенімдеміз!
15 сәуір - Ғашықтар "Қозы Көрпеш Баян сұлу" күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
<h4 style="text-align:justify;"> Бүгін мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 9-10 сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары өтті. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Астана қаласының 20 колледжі қатысқан іс-шарада ата-аналар мен оқушыларға мамандар кәсіптік бағдар беру жөнінде кеңінен түсіндірді. </h4>
Астана қаласындағы №84 мектеп- лицейінде 2018 жылдың 14 сәуір күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 4-сыныптар арасында қалалық «Сөз - мерген» тіл танымдық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Астана қаласының елу мектебінен жүз оқушы қатысып өз білімдерін сынады.
<p><span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:12pt;">Бүгін, яғни 14.04.2018 ж. сағат 11.00-14.00-ге дейін №38 мектеп-лицейінде сенбілік өтті.</span></p>
Мектебімізде 14.04.2018 ж. «Таза білім ордасы» атты сенбілік өтті. Сенбілікке білім ұйымының қызметкерлері мен 3-4 сынып оқушылары қатысты. Біз таза қаланы қолдаймыз!
2018 жылдың 12-сәуірінде № 27 мектеп-лицейінің 9 "В" сынып оқушылары...
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны