2018 жылғы 14 сәуір күні сегізінші және тоғызыншы сыныптар үшін пікірталастан көрсетілімді ойын өтті. Ойынның тақырыбы «Қазіргі уақыттағы қажетті мектеп формасы». Ойын соңында тілек білдіргендер үшін пікірталас үйірмесіне жазылуға мүмкіндік болды. 28 сәуір күні жаңадан бастап жүрген пікірталасшылар арасында директордың ауыспалы кубогына 8 сыныптар үшін турнир өткізіледі.
Астана қаласының 20-жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы қалалық ашық турнирі өтті
Сәуірдің 14 күні қалалық 4 сыныптар арсында өткен «Сөз мерген» олимпиадасынан 4 «Г» сынып оқушысы Алмасбекұлы Аллажар 2 орынға ие болды.
Швецияның Стокгольм қаласында хоккейден өткен халықаралық турнирде «Барыс» 2002 командасы жеңіске жетті. Жеңісті жолға бастаған мектебіміздің мақтаныштары 10 «А» сынып оқушысы Топаш Бексұлтанды, 10 «В» сынып оқушысы Сулейменов Абылайханды және 9 «Б» сынып оқушысы Риттингер Всеволодты құттықтаймыз. Жеңісті сәттеріңіз көп болсын.
12 сәуір күні Астана қаласының Ішкі Істер Департаменті Жергілікті Полиция Қызметінің қолдауымен 2018 жылғы аудандық Жас жол инспекторларының сайысы өтті. Сайыста мектебіміздің намысын қорғап, 3 орынға ие болған мектебіміздің жас инспекторларын және жетекшісі Алиакбарова Айгүл Пернебековнаны құттықтаймыз! № Қатысушының аты - жөні 1. Кенесов Асқар 2. Айтқожа Тамерлан 3. Алтынбек Даниал 4. Сайлыбева Мейіржан 5. Ерболат Дария 6. Муслисов Амир 7. Мырзақұл Еңлік 8. Рамазан Темірлан 9. Суханкулов Алихан 10. Тәліп Әбілмансұр
12 сәуір күні Республикалық «Асыл бала» ассоциациясының бағыттауымен «Айя» медициналық орталығының уролог – дәрігері Алкожа Айгерим Тогжановна 10-11 сынып ұлдарына «Заболевания, передающиеся половым путем» тақырыбында дәріс оқыды.
12 сәуір күні Республикалық «Асыл бала» ассоциациясының бағыттауымен «Айя» медициналық орталығының гинеколог – дәрігері Харсеева Светлана Хабибуловна «Профилактика ранней беременности» тақырыбында 10 – 11 сынып қыздарына дәріс оқыды.
<p>Сәуірдің 9-13 аралығында 1 сыныптардың «Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі» тақырыбында апталық өтті.</p><p>Апталықта 1 сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Апталықтың ашылу салтанатында 1 сынып оқушылары сахналық көрініспен тәнті етті.</p>
Сәуірдің 9-14 күні №83 мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» атты бастауыш сыныптар апталығы өтті.
11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні өтті. Бейнелеу өнері сайысында мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 8 «Г» сынып оқушысы Текенова Тамиланы және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз! Қаламдарыңыз мұқалмасын!
11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні қылқалам шеберлері сынға түсті. Сайыста мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 10 «В» сынып оқушысы Чуркина Ксенияны және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны