<span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:12pt;">Астана қаласы «Біз таза елорданы қолдаймыз!» атты 21 cәуір күні жалпықалалық сенбілік өтті.</span>
<h4 style="text-align:justify;"> 21-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтты. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.</h4>
Бүгін қалалық Махамбет атындағы оқушылар сарайында "Шаттық -2018" ашық шығармашылық байқауының қола медаль иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. №81 "Astana English school мамандандырылған гимназиясы" эстарадалық ансамбль, жетекшісі- Қарашаева Гульмира, заманауи би, жетекшісі - Рашева Гульмира, аспаптық ансамбль жетіген, жетекшісі - Сахметова Марал, театр ұжымы, жетекшісі - Жампейісов Ерғұлан марапатталды. Жарайсыздар! Әрқашан жеңістің тұғырынан көрініңіздер!
Заман талабына сай инновациялық жобалар жасау, шетелдермен ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында «GLOBAL SCHOLARS» халықаралық оқушылардың онлайн жобасы №81 «Astana English School» гимназиясында биылғы оқу жылы қолға алынды. Осы іс-шараға байланысты № 81 «Astana English School» гимназиясында сәуірдің 11 күні «Global Scholars» жобасының өкілетті өкілі Никки Киф, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Гульнара Кулмухаметовна және Астана қаласының 7 мектебінің мұғ<span class="text_exposed_show">алімдері «GLOBAL SCHOLARS» кәсіби сессиясына қатысып, қаланың және бүкіл әлемнің жергілікті қоғамдастығын, сондай-ақ жаңа цифрлық құралдарды зерттеуге ат салысты. Биыл ғаламдық ғалымдар 10-13 жастағы 13 500-ден астам оқушыларды және бүкіл әлем бойынша 500-ден астам оқытушыларды біріктіреді. Олар 29 елдің 64 қаласынан. Астана қаласының 7 мектебі, 14 мұғалім GL Skolars бағдарламасына қосылғанына қуанышты.</span>
13 сәуір күнін «Шаттық 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауы жезтаңдай әншілерге арнады. Байқаудың дипломанты атанған 3 «В» сынып оқушысы Табарина Екатеринаны, жетекшісі Черныш Марина Сергеевнаны құттықтаймыз! Бейбіт күннің аспанында әсем әндеріңіз шырқала берсін.
Сарыарқа ауданында өткен «Әке – отбасы тірегі» отбасылар сайысына белсене қатысып, «Үйдің иесі» номинациясын жеңіп алған Байболов Серік Қалиұлын, және Байболовтар отбасын шын жүректен құттықтаймыз!
«Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауында бәсеке күннен күнге қыза түсуде. «Ерекше» жанрда жүзден жүйрік шығып, алтын медальға ие болған мектебіміздің көркем гимнастшы қыздарын және жетекшісі Баумгертнер Анна Александровнаны құттықтаймыз! Жеңісті сәттеріңіз көп болсын. 1. Зайцева Полина 2. Абдуллаева Ясмина 3. Ахтаева Амина 4. Аменова Маргарита 5. Кадырбек Айнур
13 сәуір күнін «Шаттық 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауы жезтаңдай әншілерге арнады. Ерекше даусымен көзге түсіп, қола медальға ие болған 9 «А» сынып оқушысы Омар Рашиданы және жетекшісі Черныш Марина Сергеевнаны құттықтаймыз! Бейбіт күннің аспанында әсем әндеріңіз шырқала берсін.
«Шаттық 2018» байқауында «Инструменталды жанрда» жеке өнер көрсетіп, қола медальға ие болған 10 «В» сынып оқушысы Нургазиев Абулхаирды құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны