№74 мектеп – гимназиясының оқушыларымен халықаралық қарттар күні «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды

15 қазан күні «Арыңды сақта, бойжеткен» тақырыбында мектебіміздің мейірбикесі Алтын Алимбергеновамен кездесу.
2018 жылдың 13 қазан күні, Астана қаласының №30 мектеп-гимназиясында желілік білім беру қоғамдастығының (№30 мг, №79 мл, №41мл, №22 мг) ұйымдастыруымен Lesson Study тәжірибесі бойынша сабақтар өткізілді.

2018 жылдың 13 және 14 қазанында №69 мектеп-гимназияда Отбасылық тәрбиелеу институтының қолдауымен 2,3,4 және 8-9 сынып ата –аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:Өз балаңа үлгі бол!» республикалық конференция өтті. Конференцияға жалпы 507 ата – ана, 48 ұстаз қауымы мен спикерлер қатысты.

13 қазан күні 5 «Г» сынып оқушылары тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес М. Горький атындағы орыс драма театрында «Кот Леопольд» қойылымын тамашалады.
13 қазан күні тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушыларына 5 қазан күні жолданған «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауымен таныстырылды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА, ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ! ( 2-4, 8-9 сынып ата-аналарына псиxологиялық көмек)

13-14 қазан күндері Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде аталмыш тақырыпта Республикалық конференция аясында псиxологиялық көмек көрсетілді. Конференция мазмұны кең ауқымда қарастырылып, ғаламтор желісі, аутодеструктивті мінез-құлық, зайырлы қоғам тақырыптары жан-жақты ашылды. Модераторлық қызметті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары З. Алимова мен Б. Курсанова, Г. Төлеуовалар, псиxологиялық көмек беру ісін мектебімізде көп жылдан бері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдік қызметте өз жұмысын адал да әділ атқарып келе жатқан педагог әрі адам жанын терең түсіне алатын псиxолог ретінде Л.Ж. Алимова мен мектеп псиxологы С. Нұрмаxанова атқарды. Жаңа заманның жаңа тұлғаларын тәрбиелеуде ата-ана үшін ең маңызды дүниелерге талдау жасалып, ұсынылды. Сол сияқты, биылғы оқу жылының 19 қыркүйегінен бастап мектебімізде жолға қойылып келе жатқан медиаторлық қызмет туралы ата-аналарға түсінік беріліп, "Менеджмент және құқық Халықаралық медиация мектебінің" директоры А.Сайлаубай өз мақсаттарымен таныстырды, мектеп пен ата-ананы бірлесіп бала тәрбиелеуге, оқушы мен ата-ананы өз құқықтарымен қоса, өз міндеттерін де орындауға шақырды. Конференция өз мазмұндылығымен ерекшеленді деген пікір түйдік.

13 қазан 2018 жылғы №59 мектеп-лицейінде Астана қаласы, «Есіл» AII ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Ә.Қибатқызы «Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу-міндет» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен дәріс сабағын өткізді.
4-13 қазан аралығында Астана қаласының «Көпбейінді колледжі» МКҚК Халықаралық қыздар күніне арналған колледжішілік онкүндік өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны