Мектебімізде "Аққу" қыздар клубы кезекті өз жұмысын жалғастыруды. Алдағы он кундігін бастап кетті. Жетекшісі Егізбай Бақытжан. Оқушылардан «Менің құқығым, құқығың бұзыла ма?» тақырыбында сауалнамалар алынды. Қыз баланың гигиенасы тақырыбында 5-6сынып оқушыларымен мектеп медбикесі баяндама жүргізді.

Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздар күні қарсаңында яғни 2-7 ші қазан аралығында «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тақырыпта апталық өткізді. Апталық барысында оқушылар 2-3 қазан күндері «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында қабырға газеттері көрмесі ұйымдастырды. 4-қазан күні «Ұстазым менің , ұстазым» атты 5-7 сыныптар арасында жас ақындар сайысы өткізілді. 5-қазан күні «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында шығармалар сайысы, 6 –қазан күні «Ұстаздарға ақ тілек» атты құттықтау стендін шығарып, «Мәңгілік елдің ұстаздары» атты арнайы шақыру билеттерімен ұстаздарды меркелік кешке шақырды. 7-қазан күні «Ұстаз аты –биік, әрі мәңгілік» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.

02 қазан күні №55 орта мектебінің инспектор көмекшілері жас инспекорлары өз жұмысын жоспарға сай өткізіп келеді. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мектеп балаларына түсініктеме жүргізе білді. Ауысым бойынша көлікпен келетін оқушы ережелерін айта отырып жол белгілерін ескерді. Бастауыш 1-4 сынып арасында жол ережесі туралы әр түрлі сынып сағаттары мен сайыстар өткізілді.
"Көп жасаған қария,ақылы мол дария" атты қарттар күніне орай мереке ұйымдастырылды. Мектеп директоры Жанат Талғатқызы мерекеге қатысушыларды құттықтап, ақ тілегін арнады. Қатысушыларға сый-сыяпат көрсетіліп, соңы мерекелік концертке ұласты.
Сенбілік таңы. Мектеп жанынан ұйымдастырылған сенбілікке күннің суығы әсер етпеді. Ауланы тазарту, алаңды жинау көңілді күймен жақсы өтті. Барлық сынып оқушылары жұмылдырыла қатысты

Отбасы күніне орай мектебімізде "менің отбасым" атты фото сайысы мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сайысқа барлық сынып керемет фотоларын ұсынды. Бастауыш сынып арасында "Толағай" отбасылық сайысқа ата-аналар жаксы көңіл куймен қатысты.

№ 55орта мектебінде 8-9 қыркүйек күні 1,10,11 сынып ата-аналарына «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Ата-аналармен мектеп психологы Демеуова Мадина психология-педогогикалық көмек көрсете отырып, бала тәрбиесіне байланысты өз кеңестерімен көмектерін ұсынды.Конференция ата-аналарға мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жұмыстар, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы мақсатында өтті.

-Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды.

- Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.

- Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.

Бүгін мектебіміздің 8 "А" және 8 "Ә" сынып оқушылары қалдықтарды қорыту зауытында экскурсияға барды.
27 қазан күні 8-11 сынып оқушыларының арасында 1 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өткізілді. Саптүзеу барысында тоқсан бойы оқуда, еңбекте, спортта озат болған оқушылар марапатталды. 1 ауысымның үздік сыныбы болып 10 «В» сынып оқушылары танылды.
26 қазан күні 5-7 сынып оқушыларының арасында 1 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өткізілді. Саптүзеу барысында тоқсан бойы оқуда, еңбекте, спортта озат болған оқушылар марапатталды. 2 ауысымның үздік сыныбы болып 5 «Г» сынып оқушылары танылды. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша өз сыныптарында үздік атанған оқушылар

Мемлекет мектепті қамтамасыз етуге қауқарcыз. Сондықтан оқушыны дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана да қол үшін беруі қажет. Бүгін Шымкентте ведомство өкілдері бастаған білім саласының мамандары қамқоршылық кеңестер құрудың жолдарын талқылау үшін бас қосты.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны