Астана қаласы 43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халмырзаева Жұпаркүл Әбсейтқызы «Өлкетану», «Краеведение» оқулығының авторы атанды.Оқулықтар Түркияда басылып шығарылды. Астана мектептеріне оқулық таратылып, оқушылар жаңа оқулықпен жұмыс жасауда. Еңбек жемісті болсын.Құттықтаймыз!
Желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Алматы қаласында өткен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы» РББҰ бірлесе ұйымдастырған математкиа,физика,информатика пәні мұғалімдерінің VI Халықаралық шығармашылық конкурсына мектебіміздің командасы қатысып, жүлделі орынмен оралды.
2018 жылдың 27-30 қараша аралығында Павлодар қаласында дәстүрлі түрде өтетін VI Аймақтық Жас математиктер турнирі өтті.

Мақсаты: Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оларды іске жарата білудің тәсілдерімен бөлісу, ағаштарды қорғауға көмектесу.Қоршаған ортаны күл-қоқыстан арылту, жарамсыз тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және қайта пайдалану тәрізді маңызы зор мәселелерге көңіл бөліп, айналаны таза ұстауға, қоқыс контейнерлерін өз ретімен пайдалану - жалпыхалықтық мәдениетке тәрбиелеу.

1 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰНҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"

Бір Отан!

Бір тағдыр!

Бір елбасы!
Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан өркендеп, жайнай берсін! Әрқашанда бейбітшілік, бірлік болсын

Сырбай Мәуленов мектебінде соңғы уақыттары қыз балалардан құрылған футбол командасы сапалы ойын көосетіп жүр. Әзірге аудандық деңгейдегі жүлделі орынды бағындырып келеді. Бүгін де Президент күні қарсаңында қыздар арасындағы футбол командасының ойынын тамашаладық. Алдағы күндеріне сәттілік тілейміз.

Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде қарапайым ғана табиғатымен ерекшеленетін осы бір жанның ішкі жан-дүниесінің бай, руxы өр, табиғатынан тазалық пен әдемілікті бағалайтын жан екендігін қыл қаламынан туындаған шығармаларынан, он саусағынан туындап жүрген дүниелерінен байқау қиын емес. Қашан көрсең, елпең қағып баламен де, үлкенмен де тіл табыса алатын педагогтың осы күнге дейін талай шығармалары дүниеге келген.

Бүгін Ерлан Аxметқалиев Астана қалалық теxнология мұғалімдері арасында өткен "Өнердің жаңа қырлары" атты байқаудан ІІ орын иеленсе, Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен "Елбасына тілек" байқауында қыран құсымен І орын иеленді. Әріптесіміздің бұл жеңісі алғашқысы да, соңғысы да емес екенін түйсінеміз... Табиғатынан талантты Ерлан Әлімxанұлын бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, жеке сурет көрмесін ұйымдастыру деңгейіне жетіңіз деген ниетімізді білдіреміз.

Búgin Syrbaı Máýlenov atyndaǵy 37 orta mektepte shahmat úıirmesi boıynsha mektepishilik týrnır bolyp ótti. Elýden asa oqýshylar qatysyp, nátıjesinde III oryndy 6 "j" synyp oqýshysy Coı Veronıka, II oryndy 4 "v" synyp oqýshysy Baltashov Erlan, I oryndy 7"b" synyp oqýshysy Japsarbekov Baýrjan ıelendi. Jetekshileri Iýrkov Pavel Sergeevıch.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде шығармашыл ұл-қыздарымыз жетерлік. Қазақ халқы «сегіз қырлы, бір сырлы» дегенде, адам баласының жан-жақты даму деңгейінің өзіндік қырын айтса керек. Мектебіміздегі осындай балалардың бойындағы өнерін байқап, тәрбиелеп, жетілдіріп, баптап, бәйгеге үкілеп қосып, нәтижесіне қоса қуанып отыратын педагог әріптестеріміздің еңбегі орасан зор. Сондай әріптесіміздің бірі – музыка пәні мұғалімі Перизат Әлтөреқызы. Тұңғыш Президент қарсаңында өткен қалалық «Туған елге тағзым» өнерпаздар байқауында екі бірдей шәкірті топ жарды. Байқауда 6-сынып оқушысы Мұратқызы Гаухар ІІ орын иеленсе, 8-сынып оқушысы Мукатова Дильназ Бас жүлде иеленіп, ұстазының да, мектептің де абыройын арттырды. Жеңісті сәттерімен құттықтай отырып, әріптесімізге де, шәкірттерімізге де алдағы мәрелерде сәттілік тілейміз!

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өтті

29-30 қараша күндері 1 – 4 сынып оқушыларының арасында дәстүрлі «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының жартылай финалы өтті. Ақтық сынға жолдама алған оқушыларды құттықтаймыз. Олар: Хореография жанры № Сыныбы ТАӘ 1 1 «Ә» Баянбай Алуа, Жұмабай Айғаным 2 1 «Г» Ақылбек Райяна 3 Мазиева Аза 2 «Ж» кл, Мазиева Амина 3 «Е» кл, Мазиев Амир 4 «Д» класс 4 3 «В» Муллахметова Арина, Михеенко Маргарита, Карамакина Диана 5 3 «Г» Байғара Адия 6 3 «Д» Абдуллаева Ясмина - гимнастика 7 4 «Д» Зайцева Полина 8 4 «Е» Вебер Камилла 9 4 «Е» Ахтаева Амина ВОКАЛ № Сыныбы ТАӘ 1 1 «Б» Крикунова Арина 2 1 «Г» Файзулаева Диана 3 2 «А» Кимранова Жансая 4 2 «Ә» Байболов Құрмет 5 4 «В» Табарина Екатерина 6 4 «Е» Смирнова Алена Ерекше ЖАНР № Сыныбы ТАӘ 1 1 «Ә» Даулбай Айгерим Мәнерлеп оқу 2 2 «А» Жуматаева Сабина Мәнерлеп оқу 3 2 «Г» Хайруллаева Аниса Скрипка 4 2 «Д» Токарева Анна Мәнерлеп оқу 5 2 «Е» Бычкова Алеся Мәнерлеп оқу 6 3 «В» Бейсембай Еркежан Фортепьяно 7 3 «Д» Сармурзина Медина Мәнерлеп оқу 8 3 «Д» Джуманбаева Медина Мәнерлеп оқу 9 3 «Д» Капсалямов Султан Домбыра 10 3 «Д» Цой Алина Фортепьяно 11 4 «А» Қаирбек Жансая, Қорғасбек Айза, Аманкелді Мерей Домбыра 12 4 «Е» Муратова Айлана скрипка 13 4 «Е» Бернияз Айару фортепьяно
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны