Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектеп директоры М. Ташенованың мектепшілік қаумдастығына үндеуі.

Мектеп директоры М. Ташенованың мектепшілік қаумдастығына үндеуі.
.
. ✊ Құрметті әріптестер, ата-аналар қауымдастығы! Құрметті оқушылар! 06 сәуірден бастап, біз сіздермен төртінші тоқсанды барлығына жаңа формат - қашықтық форматта бастаймыз.
Оқу-тәрбие үдерісін құру алгоритмі барлығына түсінікті, бұл:
1. "Балапан" каналындағы қазақ тілінде оқытатын және орыс тілінде оқытатын оқушыларға арналған "Еларна" телевизиялық сабақтары;
2. « Қазақ радиосы" толқынында сабақтар радиотрансляциясы»;
3. Жақсы таныс платформа "Күнделік.kz";
4. "Bilimland", "DarynOnline" платформалары және басқа да білім беру онлайн ресурстары;
5. Телефония, мессенджерлер, конференц-жүйелер құралдары бойынша кері байланыс.

Педагогикалық ұжым барлық каникулдық кезең бойы уақытпен санаспай, белсенді түрде оқудан өтті, Оқу тоқсанының жоспарлы және сапалы басталуы үшін қажетті оқу-әдістемелік материалдарды дайындады.

Бүгін, біз ертеңгі оқу үдерісінде кездесетін бірқатар қиындықтар мен мектеп қоғамдастығынан болатын сұрақтарға дайын болуымыз керек. Сондықтан, қандай да бір қиындықтар, техникалық сипаттағы (Интернеттің болмауы, компьютермен проблемалар және т.б.) немесе педагогтерге, ата– аналарға, оқушыларға ұсыныстар, тілектер туындаған жағдайда, тыныштықты сақтай отырып, проблеманы нақты тұжырымдай отырып, үрейсіз, мектептің қашықтықтан оқыту фронт-офисіне және "Ashyq mektep" қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінуіңізді сұраймын (контактілерді біздің беттегі @10_mektep_ns өзекті бөлімінен таба аласыз). Біздің қаламызда, елімізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып жатқан жағдайда бізге ұйымшылдық, өзара түсіністік, өзара құрмет және өзара қолдау қажет.
Барлығына қиын. Тек бірге ғана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз және кезекті оқу жылын сәтті аяқтай аламыз.

Мен барлықтарыңызға мықты денсаулық, шыдамдылық пен рухтың сергектігін тілеймін!
Біздің күшіміз-бірлікте! Біз біргеміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное