Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында ата-аналар үшін онлайн жиналысы өтті

Бүгін яғни, Сәуір айының 2сі күні Нұр-Сұлтан қаласының І.Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныбында ZOOM қосымшасы арқылы жаңа форматтағы ата-аналармен конференция ұйымдастырылды. Сыныптың көбісі бір сәтте бейне конференцияға қосылуға мүмкіндік алды.Конференция барысында ата-аналарға қашықтықтан оқытудың сипаттамасына сай сабақ кестесі болатыны, оқу үрдісі ZOOM қосымшасы және Күнделік kz порталы арқылы жүзеге асырылып отыратындығы туралы айтылды.Бейне конференция барысында ата-аналар онлайн режимінде бірден сұрақ қою мүмкіндіктеріне де ие болды.Оқытудың жаңа форматы бастауыш сыныптың оқушылары мен орта буынға үшін үйреншікті дүние емес, дегенмен қашықтықтан оқытудың оқушы үшін тиімді жолдары қарастылылады. Ең бастысы, білім алу тетігі сапаға кері әсерін тигізбеуі қажет делінді. Ата-аналарға қашықтықтан оқыту сапалы жүзеге асуы тиіс екендігі жеткізілді.Конференция барысында экранның арғы жағында оқушылардың дауыстары естілгендей болды:-Біз мектепті сағындық😘;-Сізге денсаулық тілейміз👍,деген бүлдіршіндердің өзіме арналған кіршіксіз де пәк тілектерін естіп мұғалімдер қатты толқып кетті.😘😍Конференция соңында ата-аналарға бүгінгі қиын жағдайға байланысты денсаулықтарына аса жауапкершілікпен қарау керек екендігі жайында кеңестер берілді. Дегенмен, жамандықтың артында жақсылық жасырынып тұрады. Сондықтан сабыр сақтап, тағдырдың сынағы үрейге бой алдырмау керек екендігі айтылды. Өмір ағаштың бұтағы сияқты. Кезегі келгенде ол да көктейді.Сонымен, алғашқы конференция уақыты да тәмам болып, жоспарланған уақытта болып қалды. Ата-аналармен онлайн форматта қош айтыстық.Алтындай уақыттарын бөліп, бүгінгі конференцияға қатысқан барлық ата-аналарыма үлкен рақмет!









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное